Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің 15.08.2024 № 165/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік- процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңы 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ертіс ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" № 49/1 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
"Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ММ) туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
осы қаулыны Ертіс ауданы әкімдігінің интернет -ресурсында орналастыру;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдау.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.М. Жүсіповке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Шәріпов |
Ертіс ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "19" қазандағы № 310/5 қаулысымен бекітілді |
"Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Ертіс ауданының аумағында халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан енеді.
6. Егер мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық- құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
9. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі мынадай тәртіппен белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасы сағат 9.00-дан 18.30-ге дейін, 13.00 – ден 14.30-ға дейін тынығуға және тамақтануға арналған үзіліспен , демалыс күндері-сенбі, жексенбі.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140500, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 97.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі,
орыс тілінде-государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Иртышского района".
12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. Мемлекеттік мекеменің мақсаты аудандық деңгейде халықты әлеуметтік қорғауға және жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
16. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні Ертіс ауданының халқын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды аудандық деңгейде іске асыру болып табылады.
17. Міндеттері:
1) Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығына мониторинг жүйесін ұйымдастыру;
2) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сапасын, сондай-ақ стандарттар мен қағидалардың сақталуын қамтамасыз ету;
3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыстың нысандары мен әдістерін жетілдіру;
4) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжау;
5) ішкі еңбек нарығын қорғау;
6) ауданды жұмыссыздықтан қорғау бойынша әлеуметтік шараларды қамтамасыз ету, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға және кәсіптік оқытуға жәрдемдесу;
7) Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту болып табылады;
8) мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызмет көрсету;
9) Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау.
18. Өкілеттіктер:
Құқық:
1) аудан әкімдігінің қарауына дамудың негізгі бағыттары, Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы проблемаларды жедел шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) мемлекеттік мекеменің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен келісім бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
3) өз құзыреті шегінде ауданның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша лауазымды тұлғалармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
4) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасуға міндетті.
Міндеттері:
5) барлық сот органдарында және өзге де ұйымдарда аудан әкімінің, әкімдігінің мүдделерін білдіру.
19. Функциялар:
1) аудандық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;
2) азаматтарды жұмыс алу мүмкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы хабардар ету жұмысын үйлестіреді; бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс, жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдарлау мүмкіндіктері туралы ақпараттық материалдар жариялайды;
3) аудандағы еңбек нарығының жай-күйін талдауды және болжауды, бос жұмыс орындарын есепке алуды жүзеге асырады;;
4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетуді, Ертіс ауданы азаматтарының мұқтаж санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауды және төлеуді, әлеуметтік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
5) тиісті әлеуметтік көмек көрсету үшін "ардагерлер туралы" Заңның күші қолданылатын ардагерлер мен тұлғалардың есебін жүргізеді;
6) біржолғы өтемақы тағайындау және куәлік беру үшін Семей ядролық сынақ полигонының әсерінен зардап шеккен адамдардың құжаттарын тіркеуді және ресімдеуді жүзеге асырады;
7) Ертіс ауданының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбек эмигранттарына рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу;
8) мүгедек адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасының Әлеуметтік және кәсіптік бөлігінің орындалуына мониторинг жүргізу;
9) жұмысқа орналастыруға, кәсіптік оқытуға және тиісті әлеуметтік көмек көрсету үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар қатарынан өтініш берген азаматтардың есебін жүргізеді;
10) өз құзыреті шегінде кедейшілікті азайту, халықтың өмір сүру деңгейін және табысын арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу;
11) тиісті деректер банктерін құра отырып, Ертіс ауданының құжат айналымының бірыңғай электрондық жүйесін ұйымдастыруға қатысу;
12) азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарайды;
13) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен бекітілген қағидаларына сәйкес аудандық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
14) аудан әкімдігінің қарауына әзірлейді және енгізеді;
мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобалары;
15) мемлекеттік мекеменің қызметіне байланысты материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
16) мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмыс орындары санының екі-төрт пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгілейді;
17) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілейді;
18) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілейді.
3. "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
20. Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
21. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Ертіс ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
22. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды.
2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және "Мемлекеттік мүлік туралы" және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан өкілдік етеді;
6) мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;;
7) ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
8) мемлекеттік мекеменің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;;
9) мемлекеттік мекеменің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;;
10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;
11) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады.
23. Мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.;
24. Мемлекеттік мекеме мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (ауданның жергілікті атқарушы органы) өзара қарым- қатынастары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
25. Мемлекеттік мекеме мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнамасымен реттеледі.
26. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес айқындалады.
27. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттер мен мемлекеттік орган басшысының тапсырмаларының уақытылы және толық орындалуына жауапты болады.
4. "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүлкі
28. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік мекеменің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
29. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
30. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
31. Егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
32. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
33. Мемлекеттік мекеме таратылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.
6. "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұйымдардың тізбесі, қарамағында
34. "Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.