"Тереңкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 қазандағы № 263/8 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тереңкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Тереңкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Аудан әкімі А. Маңғұтов

  Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 28 қазандағы
№ 263/8 қаулысымен
бекітілген

"Тереңкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Тереңкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі) Тереңкөл ауданының аумағында кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және туризм салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекеме ретінде заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140600, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 238.

      10. Осы Ереже кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылтайшысы Тереңкөл ауданының әкімдігі тұлғасындағы мемлекет болып табылады.

      12. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      13. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      14. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

2-тарау. "Тереңкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні, міндеттері мен өкілеттіктері

      15. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қызметінің мақсаты экономикалық өсуге жәрдемдесу және агроөнеркәсіптік кешен мен шағын және орта бизнес салаларының бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізу, аудандық деңгейде ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті, туризмді дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру, шағын және орта бизнес және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуына мониторинг пен талдауды қамтамасыз ету болып табылады.

      16. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қызметінің мәні Тереңкөл ауданының аумағында кәсіпкерлік қызметті, ауыл шаруашылығы мен туризмді дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.

      17. Міндеттері:

      1) кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіптік кешенді және туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы өндірісін және туризмді қолдау мақсатында аудандық инфрақұрылымды дамыту;

      3) Тереңкөл ауданында кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын және туризмді дамытуға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды әзірлеу;

      4) Тереңкөл ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және туризм саласындағы басымдықтарды әзірлеу;

      5) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сапаның сақталуын қамтамасыз ету;

      6) кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық белсенділігінің өсуі, еркін бәсекелестікті дамыту және тауарлар, жұмыстар мен қызметтер нарықтарына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қолайлы орта құру;

      7) баға мониторингі жүйесін ұйымдастыру;

      8) Тереңкөл ауданында сауда қызметі үшін жағдай жасау.

      18. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен әкімінің қарауына заңнамада белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізу;

      кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды адамдармен және азаматтармен келісім бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға;

      мемлекеттік органдарда, сотта кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мүдделерін білдіру;

      өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.

      2) Міндеттері:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;

      мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалану;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімдігінің, облыс және аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.

      19. Функциялары:

      1) аудан мен облыстың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді және қайта өңдеуді ынталандыру, арттыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асырады;

      2) аграрлық секторды, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасын әзірлейді және іске асырады;

      3) ауыл шаруашылығы өндірісіне қаржы және материалдық-техникалық ресурстардың келуін қамтамасыз ету жөнінде жаңа ұсыныстар енгізеді;

      4) ауданның кәсіпкерлікті дамытудың жалпы стратегиясы шеңберінде кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің жұмысын үйлестіреді және өзара іс қимыл жасайды;

      5) шағын және орта кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту мәселелері бойынша форумдар, кеңестер мен семинарлар ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

      6) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      7) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолданады;

      8) туристік кластердің дамуына ықпал етеді;

      9) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тракторларға, комбайндарға, автомобильдерге, жабдықтарға, ауыл шаруашылығы машиналарына, отынға және басқа да материалдық ресурстарға қажеттілігінің болжамын әзірлейді;

      10) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады;

      11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;

      12) тіркелген ауыл шаруашылығы, жол-құрылыс техникасына ауыртпалықтың болуы/болмауы туралы анықтама береді;

      13) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бағалары мен нарықтарына мониторинг жүргізеді;

      14) ауыл шаруашылығы құрылымдары мен ауылдық округтердің мал шаруашылығы бойынша ұсынған деректеріне мониторинг жүргізеді;

      15) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      16) аудан бойынша тұқым балансын жасайды;

      17) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты беруді қамтамасыз етеді;

      18) егіс алқаптары, егіс және егін жинау барысы туралы деректерге мониторинг жүргізеді;

      19) ауыл шаруашылығы құрылымдарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясын сақтауына мониторинг жүргізеді;

      20) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      21) егістік, мал шаруашылығы және инженерлік инфрақұрылым бойынша есептілікті жинақтауды және бақылауды ұйымдастырады;

      22) деректер жинауды ұйымдастырады және астық балансын жасайды;

      23) шағын және орта кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлейді;

      24) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      25) аудан әкімінің тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады;

      26) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызмет жоспарларын әзірлейді;

      27) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асырады;

      28) заңнамада белгіленген тәртіппен жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды қарауды қамтамасыз етеді;

      29) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. "Тереңкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      20. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне басшылықты кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      21. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      22. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының өкілеттігі:

      1) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мүлкі мен құралдарына билік етеді және істерінің жай-күйіне дербес жауапты болады;

      3) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      4) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімін ұсынады;

      6) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді, ұйымдастырады және жолдайды, өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

      7) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нұсқаулар береді;

      8) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызметшілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;

      9) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде ішкі еңбек тәртібінің сақталуын бақылайды;

      10) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатына билік етеді;

      11) өз өкілеттігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін дербес жауапты болады;

      12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады.

      23. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының өкілеттігін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      24. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      25. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға, еңбек заңнамасына және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

4-тарау. "Тереңкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      27. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      28. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.

      29. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. "Тереңкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      30. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады