Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 68/12 "2024-2026 жылдарға арналған Успен аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 105/19 шешімі

      Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 68/12 "2024-2026 жылдарға арналған Успен аудандық бюджеті туралы" шешіміне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 190383 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2024-2026 жылдарға арналған Успен аудандық бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 5 049 272 мың теңге, соның ішінде:

      салықтық түсімдер – 1 009 389 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 4 847 мың теңге;

      трансферттер түсімі – 4 035 036 мың теңге;

      2) шығындар – 5 483 223 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 60 330 мың теңге, соның ішінде:

      бюджеттік кредиттер – 101 530 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 41 200 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – -494 281 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 494 281 мың теңге.";

      2) көрсетілген шешімнің 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. 2024 жылға арналған Успен аудандық бюджетінде ауылдық округтердің бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер келесі мөлшерлерде көзделсін:

      485 мың теңге – азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға;

      21 110 мың теңге – елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға;

      423 965 мың теңге – аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге;

      178 545 мың теңге – "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;

      1 930 мың теңге – елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға;

      7 000 мың теңге – елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге.";

      3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Бараисов

  Успен аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
14 маусымдағы № 105/19
шешіміне қосымша
  Успен аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
21 желтоқсандағы № 68/12
шешіміне 1-қосымша

2024 жылға арналған Успен ауданының бюджеті

Санаты

Сомасы (мың теңге)


Сыныбы


Кіші сыныбы




Атауы

1

2

3

4

5




1. Кірістер

5 049 272

1



Салықтық түсімдер

1 009 389


01


Табыс салығы

556 589



1

Корпоративтік табыс салығы

67 437



2

Жеке табыс салығы

489 152


03


Әлеуметтік салық

377 556



1

Әлеуметтік салық

377 556


04


Меншікке салынатын салықтар

55 396



1

Мүлікке салынатын салықтар

54 840



3

Жер салығы

556


05


Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын iшкi салықтар

8 667



2

Акциздер

1 928



4

Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар

6 739


08


Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер

11 181



1

Мемлекеттік баж

11 181

2



Салықтық емес түсімдер

4 847


01


Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

3 147



5

Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

3 108



7

Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар

39


06


Басқа да салықтық емес түсімдер

1 700



1

Басқа да салықтық емес түсімдер

1 700

4



Трансферттердің түсімдері

4 035 036


01


Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер

12



3

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердың бюджеттерінен трансферттер

12


02


Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

4 035 024



2

Облыстық бюджеттен түсетін трансферттер

4 035 024

Функционалдық топ

Сомасы (мың теңге)


Кіші функция



Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі




Бағдарлама





Атауы

1

2

3

4

5

6





2. Шығындар

5 483 223

01




Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер

1 033 472


1



Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар

215 967



112


Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты

42 428




001

Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

42 268




003

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

160



122


Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты

173 539




001

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

172 679




003

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

860


2



Қаржылық қызмет

39 795



452


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі

39 795




001

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін орындау және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

37 592




003

Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу

616




010

Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу

400




018

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

702




113

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

485


5



Жоспарлау және статистикалық қызмет

45 948



453


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

45 948




001

Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

45 948


9



Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер

731 762

1

2

3

4

5

6



454


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

53 598




001

Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

53 598



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

678 164




001

Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

45 289




013

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

325




113

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

632 550

02




Қорғаныс

36 748


1



Әскери мұқтаждар

12 394



122


Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты

12 394




005

Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар

12 394


2



Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру

24 354



122


Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты

24 354




006

Аудан (облыстық маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою

429




007

Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар

23 925

03




Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

6 159


9



Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер

6 159



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

6 159




021

Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету

6 159

06




Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

411 896


1



Әлеуметтiк қамсыздандыру

53 722

1

2

3

4

5

6



451


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

53 722




005

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

53 722


2



Әлеуметтiк көмек

310 560



451


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

310 560




004

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету

12 431




007

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

87 123




010

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету

693




014

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету

169 954




017

Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, мiндеттi гигиеналық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеу, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету

40 359


9



Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер

47 614



451


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

47 614




001

Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

45 996




011

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу

794




054

Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

824

07




Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1 241 290


1



Тұрғын үй шаруашылығы

408 870



472


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі

408 870

1

2

3

4

5

6




003

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау

4 843




098

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу

404 027


2



Коммуналдық шаруашылық

827 420



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

62 405




012

Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі

62 405



472


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі

765 015




005

Коммуналдық шаруашылығын дамыту

241 746




058

Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту

523 269


3



Елді-мекендерді көркейту

5 000



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

5 000




016

Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету

5 000

08




Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

1 323 934


1



Мәдениет саласындағы қызмет

371 904



457


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

366 875




003

Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

366 875



472


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі

5 029




011

Мәдениет объектілерін дамыту

5 029


2



Спорт

501 564



457


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

17 794




009

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу

15 196




010

Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы

2 598



472


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі

483 770




008

Cпорт объектілерін дамыту

483 770


3



Ақпараттық кеңiстiк

129 513



456


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі

21 788

1

2

3

4

5

6




002

Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер

21 788



457


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

107 725




006

Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi

106 084




007

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту

1 641


9



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер

320 953



456


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі

46 743




001

Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

27 913




003

Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру

18 830



457


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

274 210




001

Жергілікті деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

31 179




032

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

243 031

10




Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

51 525


6



Жер қатынастары

30 018



463


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі

30 018




001

Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

26 914




006

Аудандардың, облыстық маңызы бар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру

3 068




007

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

36


9



Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер

21 507



453


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

21 507

1

2

3

4

5

6




099

Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру

21 507

11




Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі

23 376


2



Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

23 376



472


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі

23 376




001

Жергілікті деңгейде құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

23 213




015

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

163

12




Көлiк және коммуникация

782 840


1



Автомобиль көлiгi

776 320



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

776 320




023

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

52 000




045

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу

724 320


9



Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер

6 520



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

6 520




037

Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялау

6 520

13




Басқалар

147 495


3



Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау

450



454


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

450




006

Кәсіпкерлік қызметті қолдау

450


9



Басқалар

147 045



452


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі

20 285




012

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві

20 285



472


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі

126 760




079

"Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту

126 760

1

2

3

4

5

6

14




Борышқа қызмет көрсету

4 176


1



Борышқа қызмет көрсету

4 176



452


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі

4 176




013

Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету

4 176

15




Трансферттер

420 312


1



Трансферттер

420 312



452


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі

420 312




006

Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

9




024

Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер

91 596




038

Субвенциялар

309 436




054

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару

19 271





3. Таза бюджеттік кредиттеу

60 330





Бюджеттік кредиттер

101 530

10




Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

101 530


9



Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер

101 530



453


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

101 530




006

Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер

101 530

5




Бюджеттік кредиттерді өтеу

41 200


01



Бюджеттік кредиттерді өтеу

41 200



1


Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

41 200




13

Жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

41 200





4. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

0





5. Бюджет тапшылығы (профициті)

-494 281





6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

494 281


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады