Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Успен аудандық мәслихатының "Успен ауданы бойынша 2023 - 2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 10/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 179770 болып тіркелген) шешімі жойылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Успен аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Бараисов |