"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Қызылағаш ауылы мен Тимирязев ауылының халқының пікірін есепке ала отырып, Павлодар облыстық ономастикалық комиссиясының 2023 жылғы 23 қарашадағы қорытындысының негізінде ШЕШТІ:
1. Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің Қызылағаш ауылында келесі көшелер қайта аталсын:
"Ленин" көшесі "Егемен" көшесіне;
"Советов" көшесі "Береке" көшесіне;
"Энгельс" көшесі "Жігер" көшесіне;
"Молодежная" көшесі "Жастар" көшесіне;
"Степная" көшесі "Ақдала" көшесіне.
2. Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің Тимирязев ауылында келесі көшелер қайта аталсын:
"Ленинградская" көшесі "Аманжол Шәмкенов" көшесіне;
"Масленников" көшесі "Көктем" көшесіне;
"Степная" көшесі "Тұлпар" көшесіне;
"Мир" көшесі "Бейбітшілік" көшесіне;
"Южная" көшесі "Серпін" көшесіне;
"Юбилейная" көшесі "Мерей" көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ольгин ауылдық округінің әкімі | А. Жуматанова |