"Алматы қаласындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 89 шешiмi

      Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Алматы қаласындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 50 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Алматы қаласында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.";

      2-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады