Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/89 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 2/239 қаулысы

      Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/89 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      туралы ережедегі:

      14 тармақтың 12) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "12) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;";

      14 тармақтың 27), 28) және 29) тармақшалары алынып тасталсын;

      14 тармақ келесі мазмұндағы 31-1) және 31-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "31-1) тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      31-2) халық, оның ішінде азаматтық және мемлекеттік қызметшілер үшін тілдерді оқыту курстарын ұйымдастыру;";

      14 тармақтың 37) тармақшасы алынып тасталсын;

      14 тармақ келесі мазмұндағы 39) тармақшамен толықтырылсын:

      "39) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.";

      23 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "23. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады".

      2. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) Алматы қаласының әділет органдарына оның Құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер туралы хабарласын;

      2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы әкімі Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады