"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі іске асыратын қызметтерге бағалар белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А.Әлназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 263 бұйрығына қосымша |
Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі іске асыратын қызметтердің бағасы
№ | Қызмет атауы | Өлшем бірлігі | Қызмет бағасы, ҚҚС* есебінсіз теңге |
1 | Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша қызмет көрсету | адам / сағат | 4 260,7 |
2 | Денсаулық сақтау объектілерін медициналық жоспарлау бойынша қызмет көрсету | адам / сағат | 4 640,9 |
3 | Денсаулық сақтау объектілерін медициналық жобалау бойынша қызмет көрсету | адам / сағат | 4 523,1 |
4 | Денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша қызмет көрсету | адам / сағат | 3 279,5 |
Ескерту
* ҚҚС – қосылған құн салығы.