Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 16 мамырдағы № 316 бұйрығы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 69) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті:

      1) осы бұйрықты қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Әлназарова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2024 жылғы 16 мамырдағы
№ 316 бұйрығына қосымша

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабы 69) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспары (бұдан әрі – бірыңғай перспективалық жоспар) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарлары негізінде әзірленген республикалық жоспар;

      2) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспары (бұдан әрі – өңірлік перспективалық жоспар) – денсаулық сақтау ұйымдарының қолданыстағы желісі, жоспарланып отырған қайта құрылымдау (ашу, біріктіру, жабу, қайта бейіндеу) жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ денсаулық сақтаудың жаңа объектілеріндегі қажеттілік және инвестицияларды жоспарлау туралы ақпаратты көрсететін өңірдің инфрақұрылымын дамытудың ұзақ мерзімді жоспары;

      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі – Ұлттық оператор) – денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) денсаулық сақтау объектілері – денсаулық сақтау саласындағы медициналық, фармацевтикалық және білім беру қызметін жүзеге асыру шеңберінде пайдаланылатын ғимараттар мен құрылыстар, мүліктік кешендер.

      3. Инвестициялық жоспарлау және денсаулық сақтау ұйымдары желісін дамыту өңірлік перспективалық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) денсаулық сақтау объектілерін салуға, күрделі жөндеуге және реконструкциялауға бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруды бекітілген өңірлік перспективалық жоспар негізінде жүзеге асырады.

2-тарау. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру тәртібі

      4. Бірыңғай перспективалық жоспарды уәкілетті орган Кодекстің 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес ЖАО әзірлеген және бекіткен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік перспективалық жоспарлары негізінде қалыптастырады.

      ЖАО Кодекстің 12-бабы 2-тармағының 37) тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары желісін дамытуды және өңірлік перспективалық жоспарларды орындауды жүзеге асырады.

      5. Өңірлік перспективалық жоспарды ЖАО Кодекстің 65-бабы 3-тармағының талаптарын және уәкілетті органға ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарынан, дербес ұйымдардан, оның ішінде дербес білім беру ұйымдарынан, медициналық қызметтер көрсететін жеке денсаулық сақтау ұйымдарынан келіп түскен деректерді ескере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он жылдық кезеңге әзірлейді.

      Өңірлік перспективалық жоспарды әзірлеу кезінде қолданыстағы денсаулық сақтау инфрақұрылымын талдау нәтижелері және алдыңғы өңірлік перспективалық жоспарлардың орындалуын мониторингтеу нәтижелері (бар болған жағдайда) ескеріледі.

      6. ЖАО әзірлеген өңірлік перспективалық жоспардың жобасы электрондық құжат айналымы арқылы мынадай материалдарды қоса бере отырып, Ұлттық оператордың қарауына жіберіледі:

      1) барлық жоспарланған іс-шаралар бойынша егжей-тегжейлі негіздемесі бар өңірлік перспективалық жоспар жобасына түсіндірме жазба;

      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 239/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8851 болып тіркелді) бекітілген Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауын жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес соңғы 5 (бес) жылдағы халық саны туралы мәліметтер;

      3) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21879 болып тіркелген) 19-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының соңғы 3 (үш) жылдағы есебі, 26-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының соңғы 3 (үш) жылдағы желісі мен қызметі туралы есеп;

      4) өңірдің даму перспективалары жөніндегі құжаттары мен материалдары (аумақтық даму жоспары; облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары және т. б.);

      5)"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 41-қосымшаға сәйкес 4-20 нысан бойынша шығыстар бойынша жиынтық есеп.

      7. ЖАО осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда Ұлттық оператор құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжат(тар) туралы ақпаратты көрсете отырып, өңірлік перспективалық жоспардың жобасын қараудан бас тарту туралы еркін нысанда хабарлама жібереді.

      8. ЖАО хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ескертулерді жояды және осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өңірлік перспективалық жоспардың жобасын қайта енгізеді.

      9. Ұлттық оператор өңірлік перспективалық жоспарлардың жобаларын қарау кезінде:

      1) өңірлік перспективалық жоспарлардың жобаларындағы ақпаратты толтырудың толықтығы мен сапасын бағалауды жүзеге асырады;

      2) өңір халқының денсаулық жай-күйінің көрсеткіштерін зерделейді;

      3) денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі қызметінің көрсеткіштерін зерделейді;

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ - 133/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21452 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкестігіне денсаулық сақтау ұйымдары желісіне талдау жүргізеді;

      5) қолданыстағы денсаулық сақтау инфрақұрылымының жағдайына талдау жүргізеді;

      6) халықтың демографиялық көрсеткіштері мен денсаулық жай-күйінің көрсеткіштерін, денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің көрсеткіштерін ескере отырып, өңірлік перспективалық жоспардың жоспарланып отырған іс-шараларын бағалауды жүзеге асырады.

      10. Өңірлік перспективалық жоспардың жобасын қарау мерзімі электрондық құжат айналымы арқылы келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      11. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Ұлттық оператор электрондық құжат айналымы арқылы ЖАО-ға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірлік перспективалық жоспардың жобасын бағалау туралы ақпаратты (бұдан әрі – Жобаны бағалау туралы ақпарат) жібереді.

      Ескертулер бар болса, Ұлттық оператор Жобаны бағалау туралы ақпаратта анықталған ескертулерді жою жөнінде ұсынымдарды көрсетеді.

      12. ЖАО ескертулерді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өңірлік перспективалық жоспардың жобасын пысықтауды жүзеге асырады және Ұлттық операторға қайта қарауға жібереді.

      Өңірлік перспективалық жоспардың жобасына қайталама ескертулер қойылған жағдайда Ұлттық оператор Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ЖАО лауазымды тұлғаларына қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органды хабардар етеді.

      13. Ұлттық операторда ескертулер болмаса, ЖАО электрондық құжат айналымы арқылы Ұлттық оператордан Жобаны бағалау туралы ақпаратты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Жобаны бағалау туралы ақпаратты қоса бере отырып, өңірлік перспективалық жоспардың жобасын уәкілетті органға келісу үшін жібереді.

      14. Өңірлік перспективалық жоспардың жобасын келісуді уәкілетті орган ол электрондық құжат айналымы арқылы келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      15. Өңірлік перспективалық жоспардың жобасы уәкілетті орган келіскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей ЖАО шешімімен бекітіледі және ЖАО-ның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      16. Өңірлік перспективалық жоспар бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық құжат айналымы арқылы уәкілетті органға және Ұлттық операторға жіберіледі.

      17. ЖАО тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 3 (үшінші) күнінен кешіктірмей Ұлттық операторға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өңірлік перспективалық жоспарлардың орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынады.

      18. Өңірлік перспективалық жоспарды қайта қарауды (өзектілендіруді) ЖАО бірінші жартыжылдық ішінде жылына бір реттен жиі емес, мынадай жағдайларда:

      1) денсаулық сақтау ұйымдары желісін қайта құрылымдау (ашу, біріктіру, жабу, қайта бейіндеу), сондай-ақ денсаулық сақтау объектілерін салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу мерзімдері немесе қажеттілігі өзгерген жағдайларда ЖАО бастамасы бойынша;

      2) уәкілетті органның немесе Ұлттық оператордың бастамасы бойынша қолданыстағы денсаулық сақтау инфрақұрылымын талдау нәтижелері және (немесе) өңірлік перспективалық жоспардың орындалуын мониторингтеу нәтижелері бойынша;

      3) жаңа нормативтік құқықтық актілер және (немесе) нормативтік техникалық құжаттама өзгерген немесе күшіне енген кезде жүзеге асырады.

      19. Өңірлік перспективалық жоспарды қайта қарауға (өзектілендіруге) қажеттілік болмаған жағдайда ЖАО 15 мамырдан кешіктірмей уәкілетті органды және Ұлттық операторды өңірлік перспективалық жоспарды қайта қарау (өзектілендіру) қажеттілігінің жоқтығы туралы (еркін нысанда) хабардар етеді.

      20. Өңірлік перспективалық жоспарды қайта қарау (өзектілендіру) осы Қағидалардың 5-15-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      3-тарау. Бірыңғай перспективалық жоспарды келісу және бекіту тәртібі

      21. ЖАО бекітілген өңірлік перспективалық жоспарларды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бірыңғай перспективалық жоспарды қалыптастырады.

      22. Кодекстің 65-бабының 3-тармағына сәйкес бірыңғай перспективалық жоспардың қалыптастырылған жобасын уәкілетті орган бекітеді.

      23. Бірыңғай перспективалық жоспар бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      24. Бірыңғай перспективалық жоспардың іске асырылуына мониторингті тоқсан сайын уәкілетті орган жүзеге асырады.

      25. Бірыңғай перспективалық жоспар екінші жартыжылдық ішінде жылына бір реттен артық емес қайта қаралуға (өзектілендіруге) жатады.

      26. Осы Қағида қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

  Инфрақұрылымды дамытудың
бірыңғай перспективалық
жоспарын қалыптастыру, келісу
және бекіту қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      _________________________
(облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың атауы)
жергілікті атқарушы органының
20___ жылғы "__" __________
№____ шешімімен
Бекітілген

________________________________________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 20__ - 20 __ жылдарға арналған

Өңірлік персективалық жоспары

      1-кесте. Амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары

      Кестенің басталуы

Объект бойынша ақпарат

Аудан / қала

Ауылдық округі/
қала ауданы

Ауылдық елді
мекен

Ауылдық елді мекеннің типі*

Медициналық ұйымның заңды атауы

Функционалдық бөлімшенің атауы

Медициналық ұйым объектілерінің типі (негізгі қызмет түрі / қосалқы қызмет түрі)

Объекті
нің мақсаты

Объектінің орналасқан жері (заңды және нақты мекенжайы)











1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Кестенің жалғасы

Объект бойынша ақпарат

Қашықтық (км, автомобиль жолымен)

Халық саны (адам)

Ағымдағы жылға бекітілген
халық саны (адам)

Объекті нің жобалық қуаты

Объектінің ағымдағы қуаты

ауылдық елді мекеннің аудан орталығынан

медициналық пунктің немесе фельдшерлік-акушериялық пунктің қызмет көрсететін дәрігерлік амбулаториядан

медициналық объектісі және (немесе) ҒЖМҚ жоқ ауылдық елді мекеннің жақын маңдағы медициналық объектіден **





11

12

13

14

15

16

17

      Кестенің жалғасы

Объект бойынша ақпарат

Жоба (типтік/типтік емес)

Объектінің жалпы ауданы
ш.м.

Объектінің салынған жылы

ҚР ҚН сәйкес ғимараттың, құрылыстың шамамен қызмет ету мерзімі*** (жылдар)

объектінің тозу %

Соңғы күрделі жөндеу жүргізілген жыл

ҚР ҚН сәйкес кешенді күрделі жөндеуге қойылғанға дейін тиімді пайдалану ұзақтығы **** (жылдар)

18

19

20

21

22

23

24

      Кестенің жалғасы

Жоспарланған мәртебе

20__ жылға дейінгі халық санының болжамы (адам)

20__ жылға дейінгі бекітілген халық санының болжамы (адам)

Объектінің 20 _ _ жылға жоспарлан ған қуаты

Объект бойынша жоспарланған іс-шаралар*****

Жоспарланған
іс-шаралардың іске асырылатын кезеңі

25

26

27

28

29

      Кестенің аяқталуы

Инвестициялық жоспар

Жоспарлау кезеңіндегі инвестициялардағы барлық қажеттілік (мың теңге)

оның ішінде қаржыландыру көздері бөлінісінде инвестициялар сомасы
(мың теңге)

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Жалпы сипаттағы трансферттер

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік

Меншікті инвестициялар, өтеусіз демеушілік көмек және т.б.

30

31

32

33

34

35

      Кестенің жалғасы

Инвестициялық жоспар

оның ішінде, жылдар бөлінісіндегі инвестициялар сомасы (мың теңге)

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

      Ескертпе:

      * "Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 29, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 164, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № ҚР ДСМ-50, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 243, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 113 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 56/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18592 болып тіркелген) бірлескен бұйрығына сәйкес.

      ** үй-жайы жоқ медицина қызметкері.

      *** "Азаматтық, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу" 1.04-26-2022 ҚР ҚН-ның (бұдан әрі – ҚР ҚН) А қосымшасындағы (ғимараттар мен құрылыстардың шамамен қызмет ету мерзімдері) А1-кестесін қараңыз.

      **** (Ғимараттар мен объектілерді тиімді пайдаланудың ең қысқа мерзімі) ҚР ҚН-ның А қосымшасындағы А.2- кесте.

      ***** Жөндеу жұмыстары (күрделі, сейсмикалық күшейту), реконструкциялау, құрылыс (оның орнына, қосымша немесе жаңа құрылыс), ашу (ғимаратты жалға алу, сатып алу, тез құрастырылатын модульдік конструкциялар сатып алу), біріктіру, жабу, қайта атау, қайта бейіндеу, сенімгерлік басқаруға беру және басқалар.

      2-кесте. Стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары

      Кестенің басталуы

Объект бойынша ақпарат

Аудан/ қала

Қала ауданы

Елді мекен

Медициналық ұйымның заңды атауы

Медициналық ұйым объектілерінің типі (негізгі қызмет түрі / қосалқы қызмет түрі)

Объектінің мақсаты

Объектінің орналасқан жері (заңды және нақты мекенжайы)

Ағымдағы жылға қызмет көрсетілетін халықтың саны (адам)

Объектінің жобалық қуаты

Объектінің ағымдағы қуаты

Нысанның салынған жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

      Кестенің жалғасы

Объект бойынша ақпарат

Объектінің жалпы ауданы, ш.м.

Жоба (типтік/типтік емес)

ҚР ҚН сәйкес ғимараттың, құрылыстың шамамен қызмет ету мерзімі (жылдар)*

объектінің тозу %

Соңғы күрделі жөндеу жүргізілген жыл

ҚР ҚН сәйкес кешенді күрделі жөндеуге қойылғанға дейін тиімді пайдалану ұзақтығы (жылдар)**

13

14

15

16

17

18

      Кестенің жалғасы

Объектінің жоспарланған мәртебесі

Денсаулық сақтау объектісі бойынша жоспарланған іс-шаралар***

Жоспарланған іс-шараның іске асырылатын кезеңі

20___ жылға жоспарланған қуат

20__ жылға дейінгі қызмет көрсетілетін халық санының болжамы (адам)

19

20

21

22

      Кестенің аяқталуы

Инвестициялық жоспар

Жоспарлау кезеңіндегі инвестициялардағы қажеттілік
(мың теңге)

оның ішінде қаржыландыру көздері бөлінісіндегі инвестициялар сомасы (мың теңге)

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Жалпы сипаттағы трансферттер

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік

Меншікті инвестициялар, өтеусіз демеушілік көмек

23

24

25

26

27

28

      Кестенің жалғасы

Инвестициялық жоспар

оның ішінде, жылдар бөлінісіндегі инвестициялар сомасы (мың теңге)

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

      Ескертпе:

      * "Азаматтық, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу" 1.04-26-2022 ҚР ҚН-ның (бұдан әрі – ҚР ҚН) А қосымшасындағы (ғимараттар мен құрылыстардың шамамен қызмет ету мерзімдері) А1 кестесін қараңыз.

      ** (Ғимараттар мен объектілерді тиімді пайдаланудың ең қысқа мерзімі) ҚР ҚН-ның А қосымшасындағы А.2 кесте.

      *** Жөндеу жұмыстары (күрделі, сейсмикалық күшейту), реконструкциялау, құрылыс (оның орнына, қосымша немесе жаңа құрылыс), ашу (ғимаратты жалға алу, сатып алу, тез құрастырылатын модульдік конструкциялар), біріктіру, жабу, қайта атау, қайта бейіндеу, сенімгерлік басқаруға беру және басқалар.

      3-кесте. Стационарлық және амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсетпейтін денсаулық сақтау ұйымдары

      Кестенің басталуы

Объект бойынша ақпарат

Аудан
/қала

Қала ауданы

Елді мекен

Медициналық ұйымның заңды атауы

Медициналық ұйым объектілерінің типі (негізгі қызмет түрі / қосалқы қызмет түрі)

Объектілердің мақсаты

Объектілердің орналасқан жері (заңды және нақты мекенжайы)

Ағымдағы жылға қызмет көрсетілетін халықтың саны (адам)*

Объектінің жобалық қуаты

Объектінің ағымдағы қуаты

Объектінің салынған жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

      Кестенің жалғасы

Объект бойынша ақпарат

Жоспарланған мәртебе

Объектілердің жалпы ауданы, ш. м.

Жоба (типтік/ типтік емес)

ҚР ҚН сәйкес ғимараттың, құрылыстың шамамен қызмет ету мерзімі** (жылдар)

Тозу пайызы %

Соңғы күрделі жөндеу жүргізілген жыл

ҚР ҚН сәйкес кешенді күрделі жөндеуге қойылғанға дейін тиімді пайдалану ұзақтығы *** (жылдар)

20__ жылға дейінгі қызмет көрсетілетін халық санының болжамы (адам)*

Денсаулық сақтау объектісі бойынша жоспарланған іс-шаралар****

Объектінің 20__жылға жоспарланған қуаты

Жоспарланған іс-шара іске асырылатын кезеңі

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

      Кестенің аяқталуы

Инвестициялық жоспар

Жоспарлау кезеңіндегі инвестициялардағы барлық қажеттілік (мың теңге)

оның ішінде қаржыландыру көздері бөлінісіндегі инвестициялар сомасы (мың теңге)

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Жалпы сипаттағы трансферттер

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік

Меншікті инвестициялар, өтеусіз демеушілік көмек

23

24

25

26

27

28

      Кестенің жалғасы

Инвестициялық жоспар

оның ішінде, жылдар бөлінісіндегі инвестициялар сомасы (мың теңге)

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

      Ескертпе:

      * денсаулық сақтау ұйымының ерекшелігіне қарай қажеттілік бойынша толтырылады.

      ** "Азаматтық, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу" 1.04-26-2022 ҚР ҚН-ның (бұдан әрі - ҚР ҚН) А қосымшасындағы (ғимараттар мен құрылыстардың шамамен қызмет ету мерзімдері) А1 кестесін қараңыз.

      *** (Ғимараттар мен объектілерді тиімді пайдаланудың ең қысқа мерзімі) 1.04-26-2022 ҚР ҚН-ның А қосымшасындағы А.2 кесте.

      **** Жөндеу жұмыстары (күрделі, сейсмикалық күшейту), реконструкциялау, құрылыс (оның орнына, қосымша немесе жаңа құрылыс), ашу (ғимаратты жалға алу, сатып алу, тез құрастырылатын модульдік конструкциялар), біріктіру, жабу, қайта атау, қайта бейіндеу, сенімгерлік басқаруға беру және басқалар.

  Инфрақұрылымды дамытудың
бірыңғай перспективалық
жоспарын қалыптастыру, келісу
және бекіту қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

____________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 20__ - 20 __ жылдарға арналған өңірлік перспективалық жоспары жобасын бағалау туралы ақпарат

      __________________________________________________________

      Өңірлік перспективалық жоспар жобасын бағалауды жүргізу күні

      ______________________________________________________________________

      Өңірлік перспективалық жоспар жобасын бағалау үшін негіздеме (жергілікті атқарушы орган хатының № және күні)

Көрсеткіш атаулары

Бағалау нәтижелері

1.

Ұсынылған ӨПЖ жобасының ақпаратын толтырудың толықтығы мен сапасы


2.

Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің қолданыстағы мемлекеттік нормативіне сәйкестігі:


2.1.

стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары


2.2.

амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары


2.3.

стационарлық және амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсетпейтін денсаулық сақтау ұйымдары


3.

Денсаулық сақтау ұйымдарының өндірістік қуаттарының халық қажеттіліктеріне сәйкестігі:


3.1.

стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары


3.2.

амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары


3.3.

стационарлық және амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсетпейтін денсаулық сақтау ұйымдары


4.

Қолданыстағы денсаулық сақтау инфрақұрылымының жағдайы


5.

ӨПЖ жобасы және "Ресурстарды басқару жүйесі" ақпараттық жүйесіндегі деректердің нақты деректерге сәйкестігі:


5.1.

стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары


5.2.

амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары


5.3.

стационарлық және амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсетпейтін денсаулық сақтау ұйымдары


6

өңірлік перспективалық жоспар жобасында жоспарланған іс-шаралар:


6.1.

денсаулық сақтау ұйымдарын қайта құрылымдау жөніндегі іс-шаралар (ашу, біріктіру, жабу, қайта бейіндеу)


6.2.

денсаулық сақтау объектілерін салу іс-шаралары (жаңа, қосымша немесе оның орнына)


6.3.

денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеу іс-шаралары


6.4.

денсаулық сақтау объектілерін реконструкциялау іс-шаралары


7.

Басқа ескертулер


8.

Қорытындылар


      Жоғарыда келтірілген деректер негізінде ___________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы) жергілікті атқарушы органы ұсынған 20__ - 20 __ жылдарға арналған ӨПЖ жобасы келісіледі/пысықтауға жіберіледі (қажетінің астын сызу).

      "Turar Healthcare" КеАҚ құрылымдық бөлімшесінің басшысы __________

      _____________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Инфрақұрылымды дамытудың
бірыңғай перспективалық
жоспарын қалыптастыру, келісу
және бекіту қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

___________________________________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы) 20__ - 20 __ жылдарға арналған денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспардың атқарылу барысы туралы 20____ жылғы___ тоқсан бойынша ақпарат

      1-кесте. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік жоспарының орындалуы бойынша жалпы мәліметтер

      Кестенің басталуы

Бекітілген өңірлік перспективалық жоспарға сәйкес объект бойынша ақпарат

Бекітілген өңірлік перспективалық жоспарға сәйкес объектінің жоспарланған мәртебесі

Өңірлік перспективалық жоспарға сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат

Аудан/
қала

Елді мекен

Медициналық ұйымның заңды атауы

Денсаулық сақтау объектісі бойынша жоспарланған іс-шаралар*

Жоспарланған іс-шараның іске асырылатын жылы

Іс-шараны орындаудың ағымдағы мәртебесі (орындалды/орындалмады /жұмыста)

Іс-шараларды іске асырғаннан кейінгі қуат

Ескертпе / орындалмау себептері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Кестенің аяқталуы

Инвестициялық жоба

Жоспарлау кезеңіндегі инвестициялардағы барлық қажеттілік (мың теңге)

оның ішінде қаржыландыру көздері бөлінісінде инвестициялар сомасы (мың теңге)

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Жоспар**

Факт

Ауытқу (+/-)

Жоспар**

Факт

Ауытқу (+/-)

Жоспар**

Факт

Ауытқу (+/-)

10

11

12

13

14

15

16

17

18

      Кестенің жалғасы

Инвестициялық жоба

оның ішінде қаржыландыру көздері бөлінісінде инвестициялар сомасы (мың теңге)

Жалпы сипаттағы трансферттер

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік

Меншікті инвестициялар, өтеусіз демеушілік көмек

Жоспар**

Факт

Ауытқу (+/-)

Жоспар
**

Факт

Ауытқу (+/-)

Жоспар
**

Факт

Ауытқу (+/-)

19

20

21

22

23

24

25

26

27

      Ескертпе:

      * Жөндеу жұмыстары (күрделі, сейсмикалық күшейту), реконструкциялау, құрылыс (оның орнына, қосымша немесе жаңа құрылыс), ашу (ғимаратты жалға алу, сатып алу, тез құрастырылатын модульдік конструкциялар сатып алу), біріктіру, жабу, қайта атау, қайта бейіндеу, сенімгерлік басқаруға беру және басқалар.

      ** Өңірлік перспективалық жоспарға сәйкес.

  Инфрақұрылымды дамытудың
бірыңғай перспективалық
жоспарын қалыптастыру, келісу
және бекіту қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 20__ - 20 __ жылдарға арналған бірыңғай перспективалық жоспары

Көрсеткіштердің атауы

Жиынтық деректер

20___ жылғы "__" _______ жағдай бойынша нақты дерек

20___ жылғы "__" _______ дейінгі жоспар

1.

Ресми статистика деректеріне сәйкес халық саны:

 

 

1.1

қала



1.2

ауыл



2.

Денсаулық сақтау ұйымдары желісі, барлығы (барлық заңды тұлғалар):

 

 

2.1

мемлекеттік



2.2

ведомстволық



2.3

жеке



3.

Амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының саны

 

 

3.1

Аудандық деңгейде:



1)

медициналық пункт



2)

фельдшерлік-акушерлік пункт



3)

дәрігерлік амбулатория



4)

медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы



5)

аудандық емхана



6)

нөмірлі аудандық емхана



3.2

Қалалық деңгейде:



1)

дәрігерлік амбулатория



2)

медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы



3)

қалалық емхана



4)

стоматологиялық емхана



5)

консультативтік-диагностикалық орталық



4.

Стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының саны



4.1.

Аудандық деңгейде:



1)

аудандық аурухана



2)

номерлі аудандық аурухана



3)

көпбейінді аудандық орталық аурухана



4.2

Қалалық және облыстық деңгейлерде:



1)

қалалық аурухана



2)

көпбейінді қалалық аурухана



3)

көпбейінді қалалалық балалар ауруханасы



4)

көпбейінді облыстық аурухана



5)

көпбейінді облыстық балалар ауруханасы



6)

психикалық денсаулық орталығы



7)

фтизиопульмонология орталығы



8)

онкология орталығы



9)

инфекциялық аурухана



10)

перинаталдық орталық, перзентхана



11)

мейіргерлік күтім жасау ауруханасы



12)

Хоспис



5.

Стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының – моно-бейінді стационарлардың саны (ревматологиялық, тері-венерологиялық орталықтар және басқалар):

 

 

6.

Стационарлық және амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсетпейтін денсаулық сақтау ұйымдарының саны

 

 

6.1.

жедел медициналық жәрдем станциясы



6.2.

медициналық оңалту ұйымдары – медициналық ұйымдар жанынан ұйымдастырылатын оңалту орталығы, оңалту бөлімшесі (төсектер)



6.3.

АИТВ инфекциясының**профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары



6.4

қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары



6.5

патологиялық анатомия (цитопатология) саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары



6.6

жетім балаларға, туғаннан үш жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық даму кемістігі бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары



6.7

медициналық колледж



6.8

санаторий-курорттық ұйымдар, мамандандырылған санаторий, профилакторий



7.

Амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының (бір ауысымдағы келушілер саны) деңгейлері бойынша қуаты:

 

 

7.1

республикалық



7.2

облыстық



7.3

қалалық



7.4

аудандық



8.

Стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының (төсектердің) деңгейлері бойынша қуаты:

 

 

8.1

республикалық



8.2

облыстық



8.3

қалалық



8.4

аудандық



9.

Барлық денсаулық сақтау объектілері (ғимараттар, құрылыстар)

 

 

9.1.

амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары



1)

негізгі қызмет түрі



2)

қосалқы қызмет түрі



9.2

стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары



1)

негізгі қызмет түрі



2)

қосалқы қызмет түрі



9.3

амбулаториялық және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетпейтін денсаулық сақтау ұйымдары



1)

негізгі қызмет түрі



2)

қосалқы қызмет түрі



10.

Медциналық ұйымдар жалға алып отырған денсаулық сақтау объектілерінің (үй-жайларының) саны



10.1

амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары



10.2

стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары



10.3

амбулаториялық және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетпейтін денсаулық сақтау ұйымдары



11.

Апаттық жағдайдағы объектілер саны



11.1

амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары



11.2

стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары



11.3

амбулаториялық және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетпейтін денсаулық сақтау ұйымдары



12.

Типтік денсаулық сақтау объектілерінің саны

 

 

12.1.

амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары



1)

негізгі қызмет түрі



2)

қосалқы қызмет түрі



12.2

стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары



1)

негізгі қызмет түрі



2)

қосалқы қызмет түрі



12.3

амбулаториялық және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетпейтін денсаулық сақтау ұйымдары



1)

негізгі қызмет түрі



2)

қосалқы қызмет түрі



13

Типтік емес денсаулық сақтау объектілерінің саны



13.1

амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары



1)

негізгі қызмет түрі



2)

қосалқы қызмет түрі



13.2

стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары



1)

негізгі қызмет түрі



2)

қосалқы қызмет түрі



13.3

амбулаториялық және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетпейтін денсаулық сақтау ұйымдары



1)

негізгі қызмет түрі



2)

қосалқы қызмет түрі



14

Денсаулық сақтау объектілерінің (ғимараттардың, құрылыстардың) орташа тозуы

 

 

14.1

амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары



1)

негізгі қызмет түрі



2)

қосалқы қызмет түрі



14.2

стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары



1)

негізгі қызмет түрі



2)

қосалқы қызмет түрі



14.3

амбулаториялық және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетпейтін денсаулық сақтау ұйымдары



1)

негізгі қызмет түрі



2)

қосалқы қызмет түрі



15.

Барлық көздерден инвестициялар көлемі (млрд тг)***, оның ішінде:

 

 

15.1.

республикалық



15.2.

жергілікті



15.3.

жалпы сипаттағы трансферттер (күрделі жөндеу)



15.4.

мемлекеттік-жекешелік әріптестік



15.5.

жеке инвестициялар, демеушілік көмек



16.

Денсаулық сақтауға салынған инвестициялардың жалпы көлемінен жеке инвестициялардың үлесі (%)

 

 

17.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымына бөлінген инвестициялар сомасы, оның ішінде:

 

 

17.1.

күрделі жөндеу жүргізуге



17.2.

реконструкцияға



17.3.

денсаулық сақтау объектілерін салуға



18.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде:

 

 

18.1.

Құрылысы (орнына) жоспарланған объектілер саны



18.2.

Құрылысы (жаңа құрылыс) жоспарланған объектілер саны



18.3.

Күрделі жөндеу жоспарланған объектілер саны



18.4.

Реконструкция жоспарланған объектілер саны



      Ескертпе:

      *Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (факт), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығы (жоспар).

      **АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауру.

      *** млрд тг. – миллиард теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады