Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 539 бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қабылданған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оны электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Әлназарова

  бұйрығына қосымша

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялардың жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттамасын, оның ішінде қайта қолданылатың жобаларды пайдалана отырып әзірлеу бойынша қызметті жүзеге асыру.

      2. Медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар бойынша авторлық қадағалауды жүргізу қызметін жүзеге асыру.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысымен бекітілген "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілерін жобалау мен салудың барлық кезеңдерінде мониторинг жүргізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады