"Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жолаушыларды автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты облысішілік тасымалдауға тарифті белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 461 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 61 қаулысы

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жолаушыларды автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты облысішілік тасымалдауға тарифті белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 461 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4420 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жолаушыларды автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты облысішілік тасымалдау тарифі 1 (бір) километрге 9 (тоғыз) теңге көлемінде белгіленсін.".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Солтүстік Қазақстан облыстық

      мәслихатының төрағасы В. Бубенко

      2024 жылғы "____" _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады