"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 250 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшiн жолдауды;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

  Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
  2024 жылғы "15" тамыздағы
  № 250 қаулысымен
  бекiтiлдi

"Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

      Петропавл қаласы, 2024 ж.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Басқарма) құрылыс, сәулет және қала құрылысы аясында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. Басқарманың өз филиалдары және өкiлдiктерi жоқ.

      3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарды жасайды.

      6. Егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Басқармаға уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамаларда белгiленген тәртiпте, Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген басқа актілермен ресiмделетiн шешiмдерді қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес бекiтіледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексi 150008, Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесi, 23.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттiң қаражатынан жүзеге асырылады.

      12. Басқарманың өкілеттігі болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттiк бюджетке жiберiледi.

      13. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 11 қыркүйектегi № 362 қаулысы негiзiнде қайта құрылған "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң және "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құқық мирасқоры болып табылады.

2-тарау. Мемлекеттiк органның мақсаттары мен өкілеттіктерi

      15. Мақсаттары:

      1) Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру, дамыту мен жетiлдiруге жәрдемдесу;

      2) аумақтарды, елді мекендерді, құрылыстық, сәулет қала құрылысы кешендерін және инфрақұрылымдарды әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған мемлекеттік, құрылыстық және басқа бағдарламаларды іске асыру;

      3) республикалық және жергiлiктi бюджеттерден түсетiн қаражат есебiнен құрылыс жөніндегі инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру;

      4) тапсырыс берушінің және бағдарламалар әкімшісі қызметтерін жүзеге асыру.

      16. Өкілеттіктері:

      1. Құқықтары:

      1) өз құзыреті шегінде қызметтерді жүзеге асыру үшін, мемлекеттік органдардан, статистика органынан және меншік нысанына қарамастан басқа да шаруашылық субъектілерден қажетті ақпараттарды және құжаттамаларды сұратуға және алуға;

      2) жеке және заңды тұлғаларға Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

      3) құрылыс, сәулет және қала құрылысы мәселелерi жөнiнде бұйрықтар шығаруға, мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзуге;

      4) қолданыстағы заңнаманың, қала құрылысы, экологиялық және өзге де нормативтiк талаптар нормаларын бұза отырып, орындайтын жобалау, құрылыс және өндiрiстiк ұйымдардан жобалау, құрылыс және құрылыс өнiмдерiн шығару құқығына лицензиясын алып қою туралы ұсыныстарды енгiзуге;

      5) алдын-ала келiсім бойынша сәулет және қала құрылысы органдарымен берiлген жобалық-жоспарлау құжаттамалар, нормативтiк талаптар және сәулеттiк-жоспарлау тапсырмаларының барын анықтау мақсатында, құрылыстың кез келген объектілерінде, реконструкциядағы, күрделi жөндеудегі объектілерге, құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрылымдарды шығаратын құрылыстық индустрия кәсіпорындарына бөгетсiз баруға, сондай-ақ нормативтiк және сәулеттiк-қала құрылысы талаптарына жауап бермейтiн жобаларды келiсуден бас тартуға;

      6) тиiстi мемлекеттiк органдардың алдында қала құрылысы тәртiбiн құрылыс және сәулет саласының қолданыстағы заңнаманы бұза отыра, өздігінен құрылыс салған кiнәлi адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныстар енгiзуге;

      7) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар брифингтер өткізуге.

      2. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте Басқарманың мүдделерін және құқықтарын қорғау;

      3) Басқарма Конкурс ұйымдастырушысы, тапсырыс беруші, немесе бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi болып табылатын әлеуметтiк сала, тұрғын үй-коммуналдық, азаматтық және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссияларға қатысу;

      4) объектiлер мен кешендердi орналастыру, жер учаскелерiн қала құрылысы мақсаттары үшiн беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде қарастырылған жағдайларда, мемлекет қажеттiлiктерi үшiн оларды алып қою жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдарға ұсыныстар дайындау;

      5) заңнамаларда белгiленген тәртiпте жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, шағымдарын, ұсыныстарын қарау;

      6) Басқарма қызметінің ашықтығы мен мөлдірлігі, соның ішінде "Ашық деректер", "Ашық бюджет", "Ашық нормативтік құқықтық актілер", "Ашық диалог" порталдарын толықтыру және сүйемелдеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру.

      17. Қызметтерi:

      1) құрылыс, сәулет және қала құрылысы шеңберінде мемлекеттiк саясатты iске асыру, соның ішінде жобалау, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында құрылыс индустриясының өндiрiстiк базасын дамыту;

      2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтерi туралы заңнамасына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттерден түсетiн қаражат есебiнен инвестициялық жобаларды iске асыру барысында құрылысқа тапсырыс берушiнiң қызметтерiн жүзеге асыру;

      3) Басқарма тапсырыс берушi болғанда, салынған объектiлердi пайдалануға беруге қатысу;

      4) тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

      5) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң, сондай-ақ қала құрылысын жобалауға байланысты әкiмшiнiң қызметтерін жүзеге асыру;

      6) Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында құрылыс қызметтерi шеңберінде мемлекеттiк, қоғамдық және жеке мүдделердi қорғау мәселелерi жөнінде жобаларды мемлекеттiк сараптаудың республикалық және аумақтық құрылымдарымен, мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау органдарымен өзара әрекет ету;

      7) өз құзыретi шегiнде, құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларымен айналысатын меншiк нысанына қарамастан барлық шаруашылық жүргiзу субъектiлерiнiң қызметтерiне қолдау көрсету;

      8) экономика салалары объектілерінің құрылысы, қайта жаңғыртуы жөнінде жылдық, басым бағдарламаларды және өңірлік бағдарламаны әзірлеу және өз құзыреті шегінде олардың орындалуына бақылау ұйымдастыру;

      9) құрылыс саласын дамыту бөлігінде республикалық және жергілікті деңгейдегі бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      10) әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн жобалау, салу, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу мәселелерiн реттейтiн нормативтердi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстарды дайындау;

      11) осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң түрлi меншiк нысанындағы шаруашылық субъектiлердiң ниеттерi негiзiнде, күрделi құрылыс және объектiлердi қайта жаңғырту жылдық жоспарларын әзiрлейдi және облыс әкiмiне және тиiстi ведомстволарға ұсынады;

      12) экономиканың жетекшiлiк ететiн кәсiпорындарымен бiрлесе отырып, жұмыстардың тұрақтылығы және жақсаруы жөнiнде бизнес-жоспар әзiрлеп, көзделген iс-шараларды негiздеу және олардың орындалуына қолдау көрсету;

      13) жобалық құжаттама сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жобаларды мемлекеттiк сараптамадан өткiзуге қолдау көрсету;

      14) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;

      15) салынып жатқан (салынуы жоспарланған) объектiлер мен кешендердiң мониторингiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

      16) халықты аумақта жоспарланатын құрылыс салу, не басқа да қала құрылысы өзгерiстерi туралы ақпараттандыру;

      17) объектiлердi, кешендердi жобалау және уақытша ғимараттар мен үймереттердi орналастыру жөнiндегi жобалық-iздестiру жұмыстарын орындау кезiнде сәулеттiк және қала құрылысы талаптарын айқындау;

      18) жергiлiктi атқарушы органдарға объектiлер мен кешендердi орналастыру бойынша ұсыныстарды дайындау;

      19) елдi мекендердi жобалау, қалпына келтiру, абаттандыру, көгалдандыру және дизайн мәселелерiн реттейтiн нормативтердi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау;

      20) аумақты қала құрылысымен игеру және құрылыс салу кезiнде азаматтар мен қоғамның өмiр сүру және тiршiлiк ету қызметтiк ортасының қолайлығын және экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

      21) жоспарлау және құрылысты салу жобаларын қарау және келiсу;

      22) Басқарманың интернет-ресурсында және Ашық порталында ақпараттық толықтыру және үнемi жаңартуды қамтамасыз ету;

      23) әлеуметтiк, тұрғын үй және азаматтық мақсаттағы объектiлердi жоспарлау және салу жөнiндегi қызметтi үйлестiру;

      24) мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен ақпарат және (немесе) мәлiметтер беру;

      25) "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiне мәлiметтердi уақытында және сапалы енгiзiлуiн, толықтырылуын ұдайы бақылауды қамтамасыз ету;

      26) халықаралық және республикалық деңгейлердегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимаратттарды жобалауға техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы акредиттелген республикалық спорт федерацияларымен келісу;

      27) облыстық маңыздағы әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді, терроризмді, экстремизмді алдын-алу, жою және қарсы іс-қимыл қызметтерін жүзеге асыруға қажетті объектілерді салу, қайта жаңғырту және жөндеу кезінде, сондай-ақ облыс орталығының Бас жоспарын әзірлеу жөнінде тапсырыс берушi болады;

      28) облыстық маңыздағы қаланың бас жоспары жобасын келісу;

      29) аумаққа құрылыс салу, құрылыстарды, ғимараттарды, құрылысжайларды, инженерлiк және көліктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешімдерді дайындау;

      30) Солтүстік Қазақстан облысының аумағын дамытудың кешендi схемасын әзірлеу;

      31) облыстың елді мекендерінің бас жоспарларын әзiрлеу және барларын түзету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

      32) облыс аумағындағы елді мекендердің бас жоспарлары белгіленген тәртіпте бекітілген, аумақтардың қала құрылыстық жоспарлаудың (облыс аудандарының жоспарлау жобасының немесе оның бөлігінің) кешендiк схемасын іске асыру жөніндегі қызметтерді үйлестіру;

      33) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;

      34) облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;

      35) ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған және кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қаланы дамытудың бас жоспарының жобасын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

      36) облыстық мәслихатқа қарамағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң шекараларын белгiлеу, немесе өзгерту жөнiнде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгiзу;

      37) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткізуді ұйымдастыру.

3-тарау. Басқарма басшысының мәртебесі және өкілеттіктері

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес лауазымға тағайындалады және қызметтен босатылады.

      20. Басшының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, лауазымға тағайындалады және орындарынан босатылады.

      21. Басқарма және Құрылтайшының, Басқарма әкiмшiлiгi және оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес анықталады.

      22. Басқарманың жұмыс уақытының режимi екi демалыс күнi (сенбі, жексенбі) бар, бес күндiк жұмыс аптасында түскi үзiлiсiмен, ұзақтығы сегiз сағаттық күнделiктi жұмыс уақыты бар.

      23. Өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты, жұмыс уақыты Басқарманың бiрiншi басшысымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзгертiлуi мүмкiн.

      24. Басқарма Басшысының өкiлеттiгi:

      1) сенiмхатсыз мемлекеттiк органдарда және басқа ұйымдарда Басқарма атынан іс-әрекет етедi және оның мүдделерін ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi және "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқарма қызметкерлерiн лауазымдарға тағайындайды және орындарынан босатады;

      3) өз орынбасарлары мен бөлiм басшыларының мiндеттерiн және өкiлеттiгiн айқындайды;

      4) Басқарма қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жазалауды қолданады;

      5) Басқарма бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ, Басқарма қызметкерлерiне орындау үшiн мiндеттi нұсқаулар бередi;

      6) Құрылтайшы бекiткен штат санының лимитi шегiнде, Басқарманың құрылымы мен штат кестесiн айқындайды және бекiтедi;

      7) Басқарманың жоспарын, бөлiмдері туралы ережелердi, Басқарманың әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың бiлiктiлiк талаптарын және жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

      8) Басқарманың шығыс сметаларын бекiтедi, бюджетпен қарастырылған қаржылық қаражатқа иелiк етедi;

      9) мемлекеттiк қызметшiлердiң бос әкiмшiлiк лауазымды орындарына конкурстар өткізуге бастама жасайды;

      10) облыс әкiмiне басқарманың жұмыстарын келешекке жоспарлау және ағымдағы жұмысын ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар бередi;

      11) Басқармада мемлекеттiк қызмет туралы заңнамалардың орындалуын бақылайды;

      12) Басқарма жұмысын ұйымдастырады және басқарады.

      13) ерлер мен әйелдердiң тең құқығының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiгi туралы заңнамаларды сақтауды қамтамасыз етедi, мыналар үшiн дербес жауапкершiлiк артады:

      Басқармаға жүктелген мiндеттердi орындауына және өз функцияларын жүзеге асыруына;

      Басқарма қызметшiлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларды сақтауына;

      14) медиация шеңберінде жүйелі жұмысты қамтамасыз етеді;

      15) Басқарманың басшысы орнында болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн оны алмастыратын адамы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес орындайды.

      16) жетекшілік ететін салада қолданылатын ақпараттық жүйелерді бақылайды.

4-тарау. Басқарманың мүлкi

      25. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      26. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық мүлікке жатады.

      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Басқарма қызметiн қайта ұйымдастыру, тарату және тоқтату (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады