"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 01 шілдедегі № 155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 466 қаулысы

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 01 шілдедегі № 155 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2024 жылғы "31" желтоқсандағы
  № 466 қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2022 жылғы "01" шілдедегі
  № 155 қаулысымен бекітілді

"Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ЕРЕЖЕ

      Петропавл қаласы, 2024 жыл

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында бюджетті жоспарлау және облыстық бюджетті атқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының ведомстволары жоқ.

      3. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, рәміздері мен айырым белгілері (болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрлері, атауы қазақ және орыс тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      7. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 150011, Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесi, 58.

      10. Осы ереже Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау үшiн шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiс егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттiк бюджетке жiберiледi.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) бюджетті жоспарлау және жергілікті бюджетті атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) бюджет есебін жүргізу және жергілікті бюджетті атқару жөнінде қаржылық және бюджет есебін жасау;

      3) құзырет шегінде мүдделі тұлғаларды толық және расталған ақпаратпен қамтамасыз ету.

      14. Өкілеттіктері:

      құқықтары мен мiндеттерi:

      1) облыс әкімдігі мен әкіміне қарауға дамудың негізгі бағыттары, бюджетті жоспарлау, бюджетті атқару саласындағы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізеді;

      2) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасының алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен, ұйымдармен және азаматтармен келісім бойынша белгіленген тәртіппен ақпарат сұратады және алады;

      3) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасайды;

      4) мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы, оның ішінде "Ашық дерек", "Ашық бюджет", "Ашық НҚА" порталдарын толықтыру және сүйемелдеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

      15.Функциялары:

      1) өз құзыреті шегiнде облыс әкiмінiң және әкiмдiгiнiң нормативтiк құқықтық және құқықтық актiлерiнің жобаларын әзiрлеу және дайындау;

      2) мемлекеттiк қызмет туралы заңнама ережелеріне сәйкес кадрларды іріктеу және орналастыруды жүзеге асыру;

      3) жергілікті бюджетке түсетін түсімді болжау;

      4) облыстық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      5) үш жылдық кезеңге облыстық бюджет және аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемін айқындау;

      6) облыстық бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар лимиті мен жоспарлы кезеңге жаңа бастамаларға арналған лимитті айқындау және оны бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу;

      7) жоспарлы кезеңге облыстық бюджет жобасын әзірлеу және тиісті қаржы жылына облыстық бюджетті нақтылау және түзету бойынша ұсыныстар енгізу;

      8) облыс әкімдігінің облыстық бюджетті бекіту, облыстық бюджет және аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі, облыстық бюджетті нақтылау, түзету туралы және өз құзыретінің шегінде басқа да мәселелер жөніндегі қаулыларының және облыстық мәслихат сессиясы шешімдерінің жобаларын дайындау;

      9) облыс әкімдігінің облыстық мәслихаттың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіпте жоспарлы кезеңге облыстық бюджет туралы шешімдерін іске асыру туралы қаулыларының және бюджет саясаты жөніндегі өзге де қаулылардың жобаларын әзірлеу;

      10) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін бюджет және өзге де заңнамаға сәйкес келуі және қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан қарау және олар бойынша қорытынды дайындау;

      11) облыстық бюджет және басқарма құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша баяндамалар, түсіндірме жазбалар, ақпараттық-талдамалық материалдар және анықтамалар дайындау;

      12) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі салымдарға (депозиттерге) уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру бойынша рәсімдерді жүзеге асыру;

      13) міндеттемелер бойынша қаржыландыру жинақ жоспарларын, облыстық бюджеттің төлемдері бойынша түсімдер мен қаржыландыру жинақ жоспарларын жасау, бекіту және жүргізу, оларға өзгерістер енгізу;

      14) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған мемлекеттік мекемелер бойынша өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден мемлекеттік мекемелер алатын ақша түсімі мен шығысының жиынтық жоспарларын келісу;

      15) республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен берілген бюджет кредитін беру, қызмет көрсету, оларды есептеуді, мониторинг жасауды және қайтаруды қамтамасыз ету;

      16) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының күтіп-ұстау қызметін қамтамасыз ету;

      17) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет және шоғырландырылған қаржы есебін жасау және ұсыну;

      18) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қазынашылық органдарында мемлекеттік мекемелердің атауын өзгерту жөніндегі өтінішхаттарын қарау және белгіленген нысанда өтінім дайындау;

      19) бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес әкімшілік ететін түсім коды бойынша артық (қате) төленген түсім сомасын бюджеттен қайтаруды және (немесе) облыстық бюджетке аударуды қамтамасыз ету;

      20) облыстық мәслихаттың шешімімен тиісті қаржы жылына бекітілген сома шегінде облыстық бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенция бойынша қаржыландыру жоспарларын жүргізу;

      21) республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған), соның ішінде бюджет заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте нысаналы белгіленуі бойынша пайдаланылмаған соманы қайтару;

      22) жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу жөніндегі өтінішхаттарды қарау және қорытынды беру;

      23) бюджеттік мониторинг;

      24) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      25) бюджеттік даму бағдарламаларының көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша бағалауды жүргізу;

      26) мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару;

      27) жергілікті бюджеттің атқарылуы жөнінде бюджет есебін жүргізу.

3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына басшылық етуді Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      17. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бiрiншi басшысының өкiлеттiктерi:

      1) басшы орынбасарларының, құрылымдық бөлiмше басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

      2) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

      3) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жаза қолданады;

      4) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының қызметкерлерi орындауға мiндеттi нұсқаулар бередi;

      5) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасын ұсынады;

      6) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етедi;

      7) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауапты болады.

      Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бiрiншi басшысы болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өкiлеттiктерiн оны алмастыратын адам атқарады.

      20. Бiрiншi басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттiк органның мүлкi

      21. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының заңнамада көзделген жағдайда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      22. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      23. Егер өзгесi заңнамада белгiленбесе, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берiлген қаражат есебiнен сатып алған мүлiктi өз еркiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады