"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 2 сәуірде №20284 болып тіркелген) сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2024 жылға арналғанПетропавл қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері айына бір шаршы метр үшін 45,27 теңге сомасында бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қалалық мәслихат төрағасы | А. Бердагулов |