Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 15 маусымдағы № 10 шешімі. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 22 тамыздағы № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округі әкімінің 22.08.2024 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Айыртау аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының 2024 жылғы 12 маусымдағы № 06-05/78 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округінің Гусаковка ауылындағы "Гусаковка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ірі қара мал арасында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнін орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім онын алғақы ресми жарияланған күнінен бастап қолданыска енгізіледі.

      С.Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады