Бруцеллез жөніндегі шектеу іс-шараларды алып тастау және Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округінің 2024 жылғы 15 маусымдағы № 10 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" әкім шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 22 тамыздағы № 14 шешімі

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 06-05/127 ұсынысы негізінде "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округінің Гусаковка ауылындағы "Гусаковка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 15 маусымдағы № 10 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 197745 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      С. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады