Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 7 шешім

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 0,0028 га, 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге талшықты-оптикалық байланыс желісі мен телефон кәрізін төсеу және оған қызмет көрсету үшін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      Жер учаскесіне шектеулер, ауыртпалықтар: жоқ.

      Жер санаты: елді мекендердің (қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің) жерлері.

      Жер учаскесі санау: бөлінетін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А.Әржікеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады