Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 97 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданның әкімі
Р. Аңбаев

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  аудан әкімдігінің
  2024 жылғы 29 сәуірдегі
  № 97 қаулысына
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар (бұдан әрі – ұйым) жұмыскерлерінің айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылар) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасы негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2-тарау. Жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі

      2. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ынталандыру үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде бюджеттік қаражатқа қажеттілік қалыптастырады және "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бюджеттік өтінім жібереді.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес аудандық бюджет комиссиясының қарауына ынталандыру үстемеақылар бойынша қосымша қажеттілік шығарады.

      4. Ынталандыру үстемеақыларға бюджет қаражатын бөлу кезінде ұйым басшысы қызметкерлерге ынталандыру үстемеақылар төлеу туралы шешім қабылдайды.

3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеу шарттары

      5. Ынталандыру үстемеақылар қызметкерлерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.

      6. Ынталандыру үстемеақылары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген материалдық көмектің және ынталандыру төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.

      7. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың төленген түрлерін тоқтату үшін негіз болып табылмайды (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемеақылар, үстеме жұмыс және басқалар).

      8. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы өзгерген жағдайда ынталандыру үстемеақылар қайта қаралады.

      9. Еңбек шартында көрсетілген нормалар қызметкерге ынталандыру үстемеақылар белгілеу үшін негіз болып табылады:

      1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;

      2) болашақта ұйымның қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты, күтпеген жұмыстарды шұғыл және алдын-ала орындау.

      10. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақы қызметкерлерге белгіленбейді:

      1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;

      2) ұйымда бір айдан аз жұмыс істегендерге;

      3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;

      4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;

      5) еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;

      6) оқу демалысы кезеңінде;

      7) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;

      8) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде.

      11. Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақысына ынталандыру үстемеақылар төлеудің қаржыландыру көзі, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті бюджеті болып табылады.

      12. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының шешімі бойынша ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандыру үстемелері белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады