Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 14-11 "2024-2026 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Рузаев ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2024-2026 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Рузаев ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 133 137 мың теңге:
салықтық түсімдер – 33 217 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 250 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 200 мың теңге;
трансферттер түсімі – 99 470 мың теңге;
2) шығындар – 134 094,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0:
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 957,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
957,3 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 957,3 мың теңге.";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының төрағасы |
С. Баумағанбетов |