"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы 7) тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы мәслихаты сессиясының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 13/194 "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданын басқару жүйесін бекіту туралы" шешімі негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін бөліп, дене шынықтыру мен спортты дамыту бойыша функцияларды бере отырып, қайта ұйымдастырылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Бекітілсін:
1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі;
2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жариялаған соң Есіл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
5. Жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелер заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамаға сәйкес әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді және тіркеуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі |
М. Мұхамедияров |
Явленка а.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) мәдениет және тіл саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:
1) "СҚО Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" КММ "Есіл аудандық Мәдениет үйі" КМҚК;
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңымен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерімен, мәдениет, тіл саласындағы нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, "Бюджеттің атқарылу қағидаларын және оның атқарылу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары, кассалық қызмет көрсету бар.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлім "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылған бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
9. Бөлімнің мекенжайы: 150500; Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылы, А.Иманов көшесі, 78А.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қаржыландырылуы республикалық және жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бюджетіне (шығыстар сметасы) сәйкес іске асырылады.
12. Бөлім кәсіпкерлік субьектілермен уәкілеттік болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс кіргізетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері
13. Бөлімнің міндеттері:
1) мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызмет көрсетуіне бағытталған мемлекеттік саясатын тиімді жүзеге асыруы, мемлекеттік және Қазақстан халқы басқа тілдерінің қарқынды дамуы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) ауданда мұражай ісінің дамуы;
3) халықтың мәдени демалысына, адамгершілік тәрбиесіне мүмкіндік туғызатын бейне-өнімдерін қолдануды ұйымдастыру;
4) ауданда бірыңғай мемлекеттік саясатының өткізуін қамтамасыз ету, тілдердің қолдану мен дамыту мемлекеттік бағдарламасын және оның аудандағы мәдени, әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірінің барлық салаларында қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүзеге асыру бойынша облыстық және аудандық жоспарларын, "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңының жүзеге асыру бойынша ауылдық әкімдіктердің, аудандық бөлімдердің және ведомстволардың қызметін үйлестіруі.
14. Құзыреті:
1) мемлекеттік мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан олардың құзырына кіретін сұрақтар бойынша сұрау;
2) ауданда музей ісін және халыққа кітапханалық қызметін көрсетуді қамтамасыз ету;
3) концерттік қызметін ұйымдастыруға және театр, көркем ұжымдар, жеке орындаушылардың гастрольдерін өткізуге қолғабыс ету;
4) көркемөнер ұжымдарын сақтау бойынша шараларды қабылдау, халық салт-дәстүрлерін насихаттау және зерттеу;
5) әкімнің шешім жобаларын және әкімдігінің қаулыларын, ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аудандық бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеуге қатысу;
6) Бюджеттік кодекске сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қызметтерін орындау Бөлімнің және ведомствоға қарасты мекемелердің қаржыландыру жоспарларын орындау мониторингін жүзеге асыру, қаржыландыру жоспарларының орындалуын талдау және ведомствоға қарасты ұйымдарға қаржылық мәселелерде тәжірибелік көмек көрсету, Бөлімнің бухгалтерлік есебін және қаржылық-шаруашылық есептілігін жүргізу; тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;
7) мәдениет мекемелерінің рухани құндылықтарын сақтау, дамыту және пайдалану бойынша, олардың мәдени деңгейін арттыру бойынша шараларды қабылдау;
8) Мәдениет үйлерінің ведомстволығына қарастылығына қарамастан қызметтерін бақылау және үйлестіру, әдістемелік көмек көрсету;
9) мәдениет және спорт мекемелерінің желісін сақтау бойынша іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
10) фестивальдарды, конкурстарды, байқауларды, көрмелерді және дәстүрлерді өткізуді ұйымдастыру
11) музейде тұрған тарихи-мәдени және басқа құндылықтарды сақтауды бақылауды жүзеге асыру;
12) ведомстваға қарасты мекемелерде жоспар-қаржы жұмыстарын ұйымдастыру, мәдениет мекемелері желісін дамытудың перспективалық және жылдық жоспарларын құру, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет мекемелерінің штаттық кестелерін және сметасын бекіту, оларды қаржыландыруды жүзеге асыру;
13) ведомствоға қарасты мекемелердің бастапқы есебін ұйымдастыру, құрама бухгалтерлік есептердің есептілігін алу және оларды жоғары тұрған органдарға уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету.
15. Функциялары:
1) мәдениет және тілдерді дамыту салаларында Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс, аудан әкімінің шешімдерін және тапсырмаларын орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
2) бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтары бойынша аудандық бағдарламаларын әзірлеу, аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау;
3) бөлімнің құзыретіне кіретін тиісті бөлімшелермен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;
4) бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтары бойынша уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру;
5) қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шараларының мәдени қамтамасыз етуін өткізу;
6) ұлттық-мәдени бірлестіктердің қатынастарын жүзеге асыру;
7) аудандық басқармалар мен ведомстволардан, жергілікті атқарушы билік органдарынан "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының орындалу мәселелері бойынша есептілікті, сондай-ақ бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты, мәліметтерді және басқа құжаттарды сұрату және алу;
8) "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"Қазақстан Республикасы Заңының, аудандық мекемелерде, ведомстволарда мемлекеттік тілді енгізу бөлігінде тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу жай-күйін зерделеу;
9) тіл заңнамасын орындау, мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды дайындау және өткізу мәселелерінде басқа мемлекеттік мекемелермен өзара байланыс жасау;
10) мәдениет мекемелерінің қаржылық жағдайын және материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша іс-шараларын жүзеге асырады;
11) ведомствоға қарасты мекемелерінің мемлекеттік және қаржылық тәртіптікті сақтауын бақылау;
12) ведомствоға қарасты мекемелердің кадрларын іріктеу, орналастыру және біліктілігін арттыру;
13) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
3. Мемлекеттік органның, коллегиялық органның (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі
16. Бөлімнің басшылығын бөлімге жүктелген міндеттер мен өзінің өкілеттіктерін орындауға жеке жауапкершілік алған бөлім басшысы жүзеге асырады.
17. Бөлім басшысы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімімен лауазымға тағайындалып, лауазымнан босатылады.
18. Бөлім басшысының уәкілеттері:
1) өз құзыры шегінде бұйрықтар шығарады, олардың орындалуын бақылайды;
2) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады, заңмен бекітілген тәртіпте марапаттау шараларын және тәртіптік жазаны қолданады;
3) сенімхатсыз Бөлім атынан әрекет жасайды, Бөлім үшін мүдделі белгілі әрекеттерді жүргізуге бөлімнің қызметкерлеріне өкілеттік береді. Бөлім өз қызметін жүргізу үшін өзіне тіркелген ғимараттарды, құрылымдарды, транспорт құралдарын пайдаланады;
4) басшы тікелей бағыныштағы мемлекеттік қызметшілердің жемқорлық құқықбұзушылық жасаудың анықталған фактілеріне жеке жауапкершілікке тартылады;
5) басшы ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.
4. Коммуналдық мемлекеттік органның мүлігі
19. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамада қарастырылған жағдайда жедел басқару құқығымен өзіндік мүлікке ие бола алады.
Бөлімнің мүлігі тыйым салынбаған жағдайдағы мемлекеттік мүлік туралы заңнамаларына сәйкес құрылтайшы берген мүлік есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттардан (қаржылай қаражатты қоса алғанда), сонымен қатар басқа мүліктен тұрады.
20. Бөлімге бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
21. Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзінің қарауындағы ақшамен өз міндеттемелеріне жауап береді. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша ауданның жергілікті атқарушы орган жауапты болады. Шарттық міндеттемелер бойынша жауапкершілік заңнамаға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекемені ұстауға бекітілген шектерде басталады.
5. Коммуналдық мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Бөлімді қайта ұйымдастыру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ осы Ережемен жүзеге асырылады.
23. Бөлімнің мүлкiн таратылғаннан кейiн бөлу тәртiбi Қазақстан Республикасының мүлік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Есіл ауданы әкімдігінің | |
2024 жылғы "___" _____ | |
№_____ қаулысына | |
2 қосымша |
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Явленка а.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) дене шынықтыру және спорт салаларында басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен, дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық тұрпаттағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбасы, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесін бекіту туралы" ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен көрсетілген белгіленген үлгіде бланкілері болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Егер бөлімге "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылған бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына,
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
9. Бөлімнің мекенжайы: 150500; Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылы, Тәуелсіздік көшесі,14А.
10. Осы Ереже бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қаржыландырылуы республикалық және жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бюджетіне (шығыстар сметасы) сәйкес іске асырылады.
12. Бөлім кәсіпкерлік субьектілермен уәкілеттік болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс кіргізетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері
13. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұлғалардың, сонымен дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларға қатысушылар мен көрермендердің өмірі мен денсаулығына қауіпсіздікті қамтамасыз ету және спорттық-көпшілік іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
2) спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамыту;
3) дене шынықтыру және спортты қолдау, ынталандыру.
14. Құзыреті:
1) ауданда спорттық қызметке мониторингті жүзеге асыру;
2) дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді;
3) аудан әкімі мен әкімдігінің шешімдері жобаларын, аудан аумақтарын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысады;
4) ауданаралық, аудандық, ашық спорт жарыстарын және жиындарын өткізкеді;
5) оның құзырына кіретін мәселелер жөнінде мемлекеттік органдардын, ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан ақпаратты сұратады және алады;
6) өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен спорттық разрядтарды беру, аудандық спорттық іс – шаралар жеңімпаздарын, спорт ұйымдарының қызметкерлерін дипломдармен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау туралы мәселелерді шешу, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына санатты беру қолдаухат жазу.
15. Функциялары:
1) аудан аумағында дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) ауданның спорт нысандарының қызметін үйлестіру;
3) аудандық құрамалардың әр түрлі спорт түрлерінен дайындауды және облыстық спорттық іс-шараларға қатысуды қамтамасыз етеді;
4) аудан аумағында көпшілік спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдайды;
5) мүгедектігі бар адамдар үшін дене шынықтыру-спорт бірлестіктерімен бірлесіп аудан деңгейінде спорттық іс-шаралар өткізуді, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар арасында облыстық жарыстарға дайындықты және қатысуды ұйымдастырады;
6) ауылдық округтердің әкімдеріне, оқытушы-бапкерлерге және дене шынықтыру мұғалімдеріне әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;
7) өз құзыры шегінде спорттық санатты, біліктілікті тағайындайды;
8) спорттық-көпшілік іс-шаралар жоспарын әзірлейді, бекітеді және жүзеге асырады;
9) дене шынықтыру және спорттың дамыту туралы мәліметтерді, аудандағы статистикалық мәліметтерді талдайды және дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;
10) дене шынықтыру және спорт жұмысшыларының жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді;
11) ауданда жетістіктерді және салауатты өмір салты принциптерін насихаттауды жүргізеді.
3. Мемлекеттік органның, коллегиялық органның (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі
16. Бөлімнің басшылығын бөлімге жүктелген міндеттер мен өзінің өкілеттіктерін орындауға жеке жауапкершілік алған бөлім басшысы жүзеге асырады.
17. Бөлім басшысы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімімен лауазымға тағайындалып, лауазымнан босатылады.
18. Бөлім басшысының уәкілеттері:
1) өз құзыры шегінде бұйрықтар шығарады, олардың орындалуын бақылайды;
2) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады, заңмен бекітілген тәртіпте марапаттау шараларын және тәртіптік жазаны қолданады;
3) сенімхатсыз Бөлім атынан әрекет жасайды, Бөлім үшін мүдделі белгілі әрекеттерді жүргізуге Бөлімнің қызметкерлеріне өкілеттік береді.
Бөлім өз қызметін жүргізу үшін өзіне тіркелген ғимараттарды, құрылымдарды, транспорт құралдарын пайдаланады;
4) басшы тікелей бағыныштағы мемлекеттік қызметшілердің жемқорлық құқықбұзушылық жасаудың анықталған фактілеріне жеке жауапкершілікке тартылады;
5) басшы ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.
4. Коммуналдық мемлекеттік органның мүлігі
19. Бөлім Қазақстан республикасындағы заңнамада қарастырылған жағдайда жедел басқару құқығымен өзіндік мүлікке ие бола алады
Бөлімнің мүлігі тыйым салынбаған жағдайдағы мемлекеттік мүлік туралы заңнамаларына сәйкес құрылтайшы берген мүлік есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттардан (қаржылай қаражатты қоса алғанда), сонымен қатар басқа мүліктен тұрады.
20. Бөлімге тіркелген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Бөлімнің смета ойынша бөлінген қаражат есебінен алған мүлікті және өзіне тіркелген мүлікті өз бетімен шығарып тастауға немесе басқа әдістермен иеленуге құқығы жоқ. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өз міндеттері бойынша өзі пайдаланған ақшаға жауап береді, егер коммуналдық мемлекеттік мекеменің ақшасы жеткіліксіз болса, оның міндеттемелері бойынша жауапкершілікті жергілікті атқарушы орган атқарады. Келісім шарт міндеттемелері бойынша жауапкершілік заңнамаларға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұстауға бекітілген смета шегінде орындалады;
5. Коммуналдық мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Бөлімді қайта ұйымдастыру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ осы Ережемен жүзеге асырылады.
23. Бөлімнің мүлкiн таратылғаннан кейiн бөлу тәртiбi Қазақстан Республикасының мүлік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.