Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/167 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 48 463 мың теңге:
салықтық түсімдер - 3 144 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен - 1 548 мың теңге;
трансферттер түсімі - 43 771 мың теңге;
2) шығындар - 49 945,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелеу - 0 мың теңге:
бюджеттік несиелер - 0 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржылық активтерді сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) - - 1 482,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 482,1 мың теңге:
қарыздардың түсуі - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 482,1 мың теңге.";
келесі мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Амангелді ауылдық округінің 2024 жылға арналған бюджетінде қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен 2023 қаржы жылында аудандық бюджеттен 1,1 мың теңге сомасында бөлінген нысаналы трансферттерді қайтару 4-қосымшасына сәйкес қарастырылсын.";
келесі мазмұндағы 1-2 тармақпен толықтырылсын:
"1-2. Амангелді ауылдық округінің бюджетінде қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан бос қалдықтар есебінен шығыстар 4 -қосымшаға сәйкес қарастырылсын.";
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі көзделсін, соның ішінде:
еңбекақы төлеу қорына және ағымдағы шығыстарға;
елді мекенде көшелерді жарықтандыруға;
елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға;
Амангелді ауылдық округінде мал қорымын дайындау және орнату үшін.
Аталған нысаналы трансферттерді аудандық бюджеттен бөлу "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Амангелді ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" Есіл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің шешімімен анықталады.
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының төрағасы |
Е. Тұтқышев |