"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/168 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 14/204 шешімі

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/168 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер - 26 880 мың теңге:

      салықтық түсімдер - 5 509 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 456 мың теңге;

      трансферттер түсімі - 19 915 мың теңге;

      2) шығындар - 27 590 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

      бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

      қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 710 мың теңге:

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 710 мың теңге:

      қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

      қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 710 мың теңге.";

      1-1 тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Бесқұдық ауылдық округінің 2024 жылға арналған бюджетінде қаржы жылының басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен аудандық бюджеттен 2023 қаржы жылында 0,1 мың теңге сомасында бөлінген пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару 4-қосымшаға сәйкес қарастырылсын.";

      1-2 тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:

      "1-2. Бесқұдық ауылдық округінің бюджетінде қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан бос қалдықтар есебінен шығыстар 4-қосымшаға сәйкес қарастырылсын.";

      аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      аталған шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы
мәслихатының төрағасы
Е. Тұтқышев

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2024 жылғы 1 наурыздағы
  № 14/204 шешіміне
  1-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2023 жылғы 27 желтоқсандағы
  № 11/168 шешіміне
  1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округінің 2024 жылға арналған бюджеті

Санаты

Сыныбы

Кіші сыныбы

Атауы

Сомасы (мың теңге)




1) Кірістер

26 880

1



Салық түсімдер

5 509


01


Табыс салығы

542



2

Жеке табыс салығы

542


04


Меншiкке салынатын салықтар

2 467



1

Мүлік салығы

82



3

Жер салығы

170



4

Көлік құралдарына салынатын салық

1 715



5

Бірыңғай жер салығы

500


05


Тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге ішкі салықтар

2 500



3

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер

2 500

3



Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

1 456


03


Жерді және материалдық емес активтерді сату

1 456



1

Жерді сату

1 456

4



Трансферттердің түсімдері

19 915


02


Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

19 915



3

Аудандық бюджеттік трансферттер (облыстық маңызы бар қалалар)

19 915

Функционалдық топ

Бюджеттікбағдарламалардың әкімшісі

Бағдарлама

Атауы

Сомасы
(мың теңге)




2) Шығындар

27 590

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

25 178


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округі әкімінің аппараты

25 178



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

25 178

07



Тұрғынүй - коммуналдық шаруашылық

2 411,9


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округі әкімінің аппараты

2 411,9



008

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру

1 489



011

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

922,9

15



Трансферттер

0,1


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округі әкімінің аппараты

0,1



048

Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) мақсатты трансферттерді қайтару

0,1




3) Таза бюджеттік кредиттеу

0




Бюджеттік кредиттер

0




Бюджеттік кредиттерді өтеу

0




4) Қаржы активтермен операциялар бойынша сальдо

0




Қаржылық активтерді сатып алу

0




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0




5) Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

- 710




6) Тапшылық орнын қаржыландыру (бюджет профицитін пайдалану)

710

7



Қарыздар түсімдері

0

16



Қарыздарды өтеу

0

Санаты

Сыныбы

Кіші сыныбы

Атауы

Сомасы (мың теңге)

8



Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

710


01


Бюджет қаражаты қалдықтары

710



1

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

710

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2024 жылғы 1 наурыздағы
  № 14/204 шешіміне
  2-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2023 жылғы 27 желтоқсандағы
  № 11/168 шешіміне
  4-қосымша

Қаржы жылының басында болған бюджет қаражатының бос қалдықтарын бағыттау, нысаналы трансферттерді қайтару

Функционалдық топ

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

Бағдарлама

Атауы

Сомасы
(мың теңге)

07



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

709,9


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округі әкімінің аппараты

709,9



011

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

709,9

15



Трансферттер

0,1


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округі әкімінің аппараты

0,1



048

Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) мақсатты трансферттерді қайтару

0,1




Барлығы:

710


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады