Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Казанка ауылдық округі Казанка ауылының аумағында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 15 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бойынша министрдің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс отырысының 2024 жылғы 16 мамырдағы № 11 хаттамасының негізінде, Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Желдің рұқсат етілген шектен жоғары күрт күшеюі себепті "Казанка жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратында 1300 шаршы метр алаңда төбе шатырын (профиль парағы, кірпіш қалау, итарқа жүйесі және жәшігі) жартылай жұлып алу орын алып, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Казанка ауылы Школьная көшесі, 5 мекенжайында орналасқан қазандықтың төбе шатырына зақым келуіне баййланысты Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Казанка ауылдық округі Казанка ауылының аумағында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Руслан Берікұлы Аюпов тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 13 мамырында туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі А. Бектасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады