"Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу Қағидалары бекітілсін.
2 Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Бектасов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Жамбыл ауданы әкімдігінің | |
2024 жылдың 08 ақпандағы | |
№ 26 қаулысына қосымша |
Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары 1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелді) сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібін айқындайды.
2. Коммуналдық қалдықтар деп мынадай тұтыну қалдықтары түсініледі:
1) өзгелермен қатар қағаз бен картонды, шыныны, металдарды, пластмассаны, органикалық қалдықтарды, сүректі, тоқыманы, қаптаманы, пайдаланылған электр және электрондық жабдықтарды, батареялар мен аккумуляторларды қоса алғанда, үй шаруашылықтарының аралас қалдықтары мен бөлек жиналған қалдықтары;
2) егер аралас қалдықтар және басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылықтарының қалдықтарына ұқсас болса, осындай қалдықтар.
Коммуналдық қалдықтарға өндіріс, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау, септиктер мен кәріз желілері, сондай-ақ сарқынды судың тұнбасын қоса алғанда, тазарту құрылысжайлары қалдықтары, пайдаланудан шығып қалған көлік құралдары немесе құрылыс қалдықтары кірмейді.
Тұтыну қалдықтарына адамның тыныс-тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген қалдықтар, өзінің тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қаптамасы және агрегаттық жай-күйіне қарамастан жарамдылық не пайдалану мерзімі біткен, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше физикалық түрде құтылған не тұтыну қалдықтарының қатарына құжатпен аударған өзге де заттар немесе олардың қалдықтары жатады.
3. Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштары (электрондық және электр жабдықтар, құрамында сынап бар қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар және өзге де қауіпті құрамдастар) бөлек жиналуға және арнайы бейімделген кәсіпорындарға қалпына келтіруге берілуге тиіс.
2 тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі
4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.
5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.
6. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.
7. Заттай өлшеулер жүргізу үшін көріктендіру әртүрлі деңгейі бар екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:
1) тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді ұсыну үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары бар жайлы тұрғын үй;
2) тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсету үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары жоқ жайлы емес тұрғын үй.
8. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын айқындау үшін тұрғын халықтың мынадай саны бар учаскелер бөлінеді: тұрғындарының саны 300 мың адамға дейінгі елді мекендерде учаскелер абаттандырудың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын қамти отырып таңдалады.
9. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.
10. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.
11. Өлшеу алдында контейнердегі қалдықтар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен теңестіріледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтардың көлемі анықталады.
12. Жинақталған қалдықтардың массасы толтырылған контейнерлерді өлшеу және коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымның бос контейнердің массасын одан әрі шегеру жолымен айқындалады.
13. Бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған кезде, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға жол беріледі.
14. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемі бойынша деректерді "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Сәулет бөлімі) Қағидаларға 3 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне енгізеді.
15. Бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін өлшемдер бойынша әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша жинақталады және Сәулет бөлімі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық маусымдық ведомосіне енгізеді.
16. Маусымдық өлшеулер жүргізілгеннен кейін сәулет бөлімі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосіне деректерді (массасын, көлемін) енгізеді.
17. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге.
18. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтауға қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны тандап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.
Барлық контейнерлер толығымен тазалануы керек:
1) күн сайын әкету кезінде – өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын;
2) кесте бойынша әкету кезінде күн сайын – кесте бойынша әкетудің соңғы күні өлшеу аптасының алдында.
19. Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйым барлық контейнерлерді толық тазартуы тиіс.
20. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу олар жүргізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
3 тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу
21. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:
1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт, м3):
Vконт = h*S
мұндағы һ - контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м;
S – контейнер түбінің алаңы, м2;
2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:
Vтәу = Vконт1+Vконт2+Vконт3….
мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 – контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;
3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Mконт = m3- mп
мұндағы m3– қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг;
mп – қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;
4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mтәу = mконт1+mконт2+mконт3...
мұндағы mконт1, mконт2, mконт3- контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;
5) өлшеулер контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір уақытында жүргізіледі. Өлшеулерді жүргізу кезеңі: жеті күн (үзіліссіз).
Өлшеулерді жүргізу мерзімдері: қыс-желтоқсан, қаңтар, ақпан; көктем-наурыз, сәуір, мамыр; жаз-маусым, шілде, тамыз; күз-қыркүйек, қазан, қараша.
Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Vмаус = Vтәу1+ Vтәу2+....+ Vтәу7
мұндағы Vтәу1, Vтәу2 – белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;
6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Mмаус = mтәу1+ mтәу2+...+ mтәу7
мұндағы mтәу1 mтәу2 – белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;
7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vтм, м3):
Vтм = Vмаус/(nxa)
массасы бойынша (mтм, кг):
mтм = mмаус/( nxa)
мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны;
а – есептік бірліктің саны.
8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vтом, м3):
Vтом = (Vктм + Vктм + Vжтм +Vкү тм)/n
массасы бойынша (mтом, кг):
mтом = (mктм + mктм + mжтм +mкү тм)/n
мұндағы жоғарғы индекстер "қ", "к", "ж", "кү" – қыста – "қ", көктемде – "к", жазда – "ж", күзде "кү" – есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;
n – қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).
9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vж, м3):
Vж = Vтож х nк
массасы бойынша (mж, кг):
mж = mтож x nк
мұндағы nк – жылдағы күннің саны.
22. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтауға қосымша мынадай есеп жүргізіледі:
1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gop, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
qcp = m/V,
мұндағы m және V-есептік бірлікке шаққандағы массасы мен көлемі бойынша қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;
2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша:
Кбе = Vом/Vж
массасы бойынша:
Кбе = mом/mж
3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша:
Кмбе= Vmax.тәу./Voм
мұндағы Vmax.тәу. – маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3
массасы бойынша:
kсн= mmax.тәу./moм
мұндағы mmax.тәу – маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.
23. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың түзілуінің сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.
Коммуналдық қалдықтардың | |
түзілу және жинақталу | |
нормаларын есептеудің | |
үлгілік қағидалары 1-қосымша |
Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын |
4. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер |
6. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын |
11. | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 |
12. | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын |
13. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 |
14. | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 |
15. | Автомобильді машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 |
16. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 |
17. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 |
18. | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 |
19. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 |
20. | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы алаңы 1 м2 |
21. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 |
22. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары | 1 машина-орын |
23. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы |
24. | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға |
25. | Шаштараздар, сән салондары | 1 жұмыс орны |
26. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 |
27. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 |
28. | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және тағы басқа) | 1 жұмыс орны |
29. | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 |
30. | Ауыл аумағында бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыратын заңды тұлғалар, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы |
31. | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске |
Коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу | |
нормаларын есептеудің | |
қағидаларына 2-қосымша | |
Нысан |
Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты
Елді мекен, аудан, облыс ____________________________________________
1. Мекенжайы _____________________________________________________
2. Қабаттылығы ___________________________________________________
3. Үйдің нөмірі ____________________________________________________
4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам ______________________________
5. Жайлылық деңгейі: ______________________________________________
а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы ______________________________
б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) _____________________
в) отынның түрі - көмір (тас көмір, қоңыр темір), ағаш отын, газ __________
г) қоқыс құбырының болуы _________________________________________
д) аула аумағының алаңы, м2 ________________________________________
жасыл екпелер бар _________________________________________________
жабыны қатты ____________________________________________________
оның ішінде жаяусоқпақтар _________________________________________
6. Контейнерлердің түрі, олардың саны және сыйымдылығы _____________
7. Қалдықтарды шығару кезеңділігі_________________________________
8. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме
(қандай және қанша) _______________________________________________
9. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі ____________________________
10. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі______________________________
_________________________________________________________________
11. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция)
_________________________________________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы
Нысан |
Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты
Елді мекен, аудан, облыс ____________________________________________
1. Объектінің атауы ________________________________________________
2. Мекенжайы _____________________________________________________
3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет)
___________________________________________________________
4. Есеп айырысу бірліктерінің саны (қызметкерлер және т. б.) ______________
5. Тәулігіне өткізу қабілеті: _______________________________________
ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) _________________________
қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) __________________
6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам _________________________
7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 ______________________________________
сауда алаңы ______________________________________________________
қоймалық және қосалқы алаң ________________________________________
8. Аула аумағының алаңы, м2 ________________________________________
жасыл екпелер бар _________________________________________________
жабын қатты ______________________________________________________
9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы _____________
10. Қалдықтарды шығару кезеңділігі __________________________________
11. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) ____________________________________
12. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі ___________________________ _________________________________________________________________
13. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі_____________________________
_________________________________________________________________
14. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция) _________________________________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы
Коммуналдық қалдықтардың | |
түзілу және жинақталу | |
нормаларын есептеудің | |
қағидаларына 3-қосымша | |
Нысан |
Бастапқы жазба бланкісі
_____________
(күні)
_________________________________________________объектісі бойынша
(атауы, мекенжайы)
Контейнердің р/с № | Жиналған қалдықтар қабатының биіктігі, һ, м | Контейнер негізінің алаңы, S, м2 | Контейнердегі қалдықтардың көлемі, V, h*S, м3 | Қалдықтар тиелген контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), m3, кг | Бос контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), mп, кг | Контейнердегі қалдықтардың массасы, mконт, m3 - mп |
1 | ||||||
2 | ||||||
.... | ||||||
Тәулік ішіндегі жиыны | Vтәу | mтәу |
Коммуналдық қалдықтардың | |
түзілу және жинақталу | |
нормаларын есептеудің | |
қағидаларына 4-қосымша | |
Нысан |
Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі
20__жылғы ___ ___________бастап ____ _______________ дейін
Жайлылық типі ___________________________________________
Аптаның күндері | Объектінің атауы | Объектінің қызмет түрі | Есептік бірліктің саны | Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі/массасы | Орташа тығыздығы кг/м3 | Барлығы қайталам а шикізат іріктеп алынды (бөлек жинаған | ||||
жалпы | 1 есептік бірлікке | |||||||||
кг | м3 | кг | м3 | кг | м3 | |||||
Дүйсенбі | ||||||||||
Сейсенбі | ||||||||||
Сәрсенбі | ||||||||||
Бейсенбі | ||||||||||
Жұма | ||||||||||
Сенбі | ||||||||||
Жексенбі |
Қолдары
Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы
Коммуналдық қалдықтардың | |
түзілу және жинақталу | |
нормаларын есептеудің | |
қағидаларына 5-қосымша | |
Нысан |
Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі
Жайлылық типі ______________________________________________
Объект | Ай | Өлшенетін бірліктің саны | Қалдықтардың жиналуы | Біртекті емес коэффициент | Бөлек жинау, кг | |||||||
жалпы | өлшенетін 1 бірлікке | жалпы | 1 өлшенетін бірлікке | |||||||||
м3 | кг | м3 | кг | м3 | кг | м3 | кг | м3 | кг | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Барлығы ____________
Тәулігіне орташа _______________
Қолдары ______________
Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы __________________________________