Ескерту. 31.12.2025 дейін қолданылады – осы шешімнің 2-тармағымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен төлеу шарттары Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің айқындалған шешімімен осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы | Л. Топорова |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Жамбыл ауданы мәслихатының | |
2024 жылғы 25 желтоқсандағы | |
№ 24/6 шешіміне қосымша |
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары
№ р/н | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық айлықақыға үстемеақы |
1 | 2 | 3 |
1. | басшының хатшысы | 30% |
2. | аударма бойынша редактор | 30% |
3. | көшіру-көбейту машиналарының операторы | 30% |
4. | жүргізуші | 50% |
5. | аула тазалаушы | 30% |
6. | қызметтік орын жайларды тазалаушы | 30% |
7. | қазандық машинисі (пеш жағушы) | 30% |