Ескерту. 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулысының 4-тармағымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары айқындалсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау және Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Бектасов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Жамбыл ауданы әкімдігінің | |
2024 жылдың 05 желтоқсанындағы | |
№ 342 қаулысына қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар (бұдан әрі – ынталандырушы үстемеақылар) белгілеудің тәртібі мен шарттары "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасы негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар (бұдан әрі – ұйым) қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1 - бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасы мен жағдайларына, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.
2 тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
3. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес қосымша бюджет қаражатына қажеттілік қалыптастырады және "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бюджеттік өтінім жібереді.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес, аудандық бюджет комиссиясының қарауына ынталандырушы үстемеақылар бойынша қосымша қажеттілікті шығарады.
5. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақыларға бюджет қаражатын бөлу кезінде ұйым басшысы кадр қызметі қызметкерінің не оны алмастыратын адамның жазбаша ұсынуы (бұдан әрі - ұсынымы) негізінде қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы ай сайын шешім қабылдайды.
Ұйымның басшысы ұсынымды қарау нәтижесінде ол тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келіседі не лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақыны белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып, тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде бас тартады. Қызметкер шешім шығарылғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде бас тарту туралы хабардар етіледі.
6. Осы қаулының 12-тармағында көрсетілген шарттар қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.
7. Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы, ынталандырушы үстемеақының мөлшері және тәртіптік жазаның жоқтығы туралы мәліметтер көрсетіледі.
3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
8. Ынталандырушы үстемеақылар қызметкерлерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
9. Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
10. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың төленген түрлерін тоқтату үшін негіз болып табылмайды (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемеақылар, үстеме жұмыс және басқалар).
11. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.
12. Еңбекақы төлеудің негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдау негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда ынталандырушы үстемеақылар жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
13. Лауазымдық айлықақыларға ынталандырушы үстемеақы төленбейді:
1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
2) ұйымда бір айдан аз жұмыс істегендерге;
3) қызметкердің сынақ мерзімінде болу кезеңі;
4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;
5) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
6) оқу демалысы кезеңінде;
7) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;
8) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
9) қызметкерді материалдық жауапкершілікке тарту кезеңінде;
10) қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;
11. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті бюджеті бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандырушы үстемеақылар төлемдерін қаржыландыру көзі болып табылады.
12. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімі бойынша осы бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарына 1, 2,3 және 4-қосымшаларда көрсетілген санаттар бойынша белгіленеді.
"Сафуан Шаймерденов атындағы Жамбыл ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар
№ | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық жалақыға үстемеақы |
1 | 2 | 3 |
1. | Күзетші | 30% |
2. | Қызметтік үй-жайларды тазалаушы | 30% |
3. | Аула тазалаушы | 30% |
4. | Жүргізуші | 50% |
5. | Қазандық машинисі (от жағушы) | 30% |
6. | Библиограф (С-2, С-3 блогына қатысты) | 30% |
7. | Кітапханашы (С-2, С-3 блогына жататын) | 30% |
8. | Хатшы | 30% |
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар
№ | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық жалақыға үстемеақы |
1 | 2 | 3 |
1. | Директор | 30% |
2. | Бас бухгалтер | 30% |
3. | Барлық атаулар бойынша кеңесші | 30% |
4. | Барлық атаулардың әдіскері | 30% |
5. | Жүргізуші | 50% |
6. | Сектор меңгерушісі | 30% |
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мәдениет үйі" шұғыл басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар
№ | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық жалақыға үстемеақы |
1 | 2 | 3 |
1. | Жүргізуші | 50% |
2. | Мәдени ұйымдастырушы (С-2, С-3 блогына жататын) | 30% |
3. | Инспектор (С-2, С-3 блогына қатысты) | 30% |
4. | Суретші (С-2, С-3 блогына қатысты) | 30% |
5. | Аранжировщик (С-2, С-3 блогына қатысты) | 30% |
6. | Құрылымдық бөлімшенің басшысы (С-2, С-3 блогына жататын) | 30% |
7. | Аула тазалаушы | 30% |
8. | Күзетші | 30% |
9. | Қызметтік үй-жайларды тазалаушы | 30% |
D, С-2, С-3 блогына (қосалқы персонал) және жұмысшыларға (біліктілік разряды) жататын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар келесі ұйымдарда:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2 "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№ | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық жалақыға үстемеақы |
1 | 2 | 3 |
1. | Жүргізуші | 50% |
2. | Мұрағатшы | 30% |
3. | Аула тазалаушы | 30% |
4. | Аударма редакторы | 30% |
5. | Басшының хатшысы | 30% |
6. | Статистик | 30% |
7. | Күзетші | 30% |
8. | Қызметтік үй-жайларды тазалаушы | 30% |
9. | Көшіру-көбейту машиналарының операторы | 30% |
10. | Қоймашы | 30% |
11. | Компьютерлік техника (бағдарламалар)операторы | 30% |
12. | Комендант | 30% |
13. | Қазандық машинисі (от жағушы) | 30% |