Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандыру үстемеақысын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 21 шешімі

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандыру үстемеақысын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы

      Ескерту. 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 4-тармағымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандыру үстемеақысын белгілеу тәртібі мен шарттары айқындалсын.

      2. Бас маман-бухгалтер осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қамтамасыз етсін және оның көшiрмелерiн қазақ және орыс тiлдерiнде электронды түрде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің" Солтүстік Қазақстан облысы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалға Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін ресми жариялау және енгізу үшін жiберсiн.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округінің бас маманы-бухгалтеріне жүктелсін.

      4. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ә. Темешев

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық
  округі әкімінің
  2024 жылғы "20" желтоқсанындағы
  № 21 шешіміне қосымша

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандыру үстемеақысын белгілеу тәртібі мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылар) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасы негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандыру үстемеақысын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды (бұдан әрі – ұйым).

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және шарттарына байланысты еңбегі үшін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.

2 тарау. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандыру үстемеақысын белгілеу тәртібі

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастықтың жиналысымен талқылағаннан кейін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеу тәртібі мен төлеу шарттарын, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, бюджет қаражатының қосымша қажеттілігін қалыптастырады және оны ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарау үшін ұсынады.

      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бюджеттік жоспарлау жөніндегі маманы (бюджеттік комиссияның хатшысы), Қазақстан Республикасы Бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандырушы үстемеақы төлеуге қосымша қажеттілікі аудандық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.

      5. Бюджет комиссиясының Ынталандырушы үстемеақыларға бюджет қаражатының қажеттілігін қарауы және айқындауы ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.

      6. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларына бюджет қаражатын бөлу кезінде ауылдық округ әкімі кадр қызметі қызметкерінің не оны алмастыратын адамның жазбаша ұсынымы (бұдан әрі - Ұсыным) негізінде ай сайын "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына қызметкерлерге ынталандыру үстемеақыларын төлеу.

      Ауылдық округ әкімі Ұсынысты қарау нәтижесінде оны тіркеген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келіседі не тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде лауазымдық жалақысына ынталандыру үстемеақысын белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып, бас тартады. Қызметкер шешім шығарылғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде бас тарту туралы хабардар етіледі.

      7. Қызметкерлерге ынталандыру үстемеақыларын төлеуден бас тарту үшін осы Қаулының 14-тармағында көрсетілген шарттар негіз болып табылады.

      8. Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы, ынталандыру үстемеақысының мөлшері және тәртіптік жазаның жоқтығы туралы мәліметтер көрсетіледі.

3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары

      9. Ынталандыру үстемеақылар қызметкерлерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.

      10. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақысы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген материалдық көмектің және ынталандыру төлемдерінің бар түрлеріне қосымша төлем болып табылады.

      11. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың төленген түрлерін тоқтату үшін негіз болып табылмайды (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемеақылар, үстеме жұмыс және басқалар).

      12. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақы төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.

      13. Ынталандырушы үстемеақы еңбекақы төлеудің негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауды негізге ала отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.

      14. Қызметкерлердің лауазымдық жалақысына ынталандырушы үстеме белгіленбейді:

      1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;

      2) ұйымда бір айдан аз жұмыс істегендерге;

      3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;

      4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;

      5) еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;

      6) оқу демалысы кезеңінде;

      7) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;

      8) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;

      9) қызметкерді материалдық жауапкершілікке тарту кезеңінде;

      10) қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде.

      15. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандырушы үстемеақы төлеуді қаржыландыру көзі жергілікті бюджет болып табылады.

      16. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақысы санаттары бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімі бойынша белгіленеді, осы тәртіпке және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақысын белгілеу шартына қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  1-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы
  Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты
  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
  жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
  қызметкерлерінің лауазымдық
  айлықақыларына ынталандыру үстемеақысын
  белгілеу тәртібі мен шарттарына

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар, D блогына жататын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын (қосалқы персонал) және жұмысшылар (біліктілік разряды)

№ р/н

Лауазымдардың толық жазылуы (атауы)

Лауазымдық айлықақыға үстемеақы

1

2

3

1.

Басшының хатшысы

30%

2.

Аударма жөніндегі редактор

30%

3.

Жүргізуші

50%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады