Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, "Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының 2024 жылғы 07 сәуірдегі № 4 хаттамасы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға басшысы болып Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Қуандық Нұрғазыұлы Шәқубаевқа тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 07 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданының әкімі
С. К. Сәдуақасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады