Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 42 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 11 қантардағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 01-11/200 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Асаново ауылдық округінің Плоское ауылында Ерлік көшесіне белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 23 қазандағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 187493 болып тіркелген) № 42 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 

      4..Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің әкімі
М. Қапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады