"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 70 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Степаненко

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы наурыздағы
  № қаулысымен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) ішкі саясат, тілдерді дамыту, мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім, ақпаратқа қол жеткізу, онлайн-платформалар және онлайн-жарнама салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары бар:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют мәдени орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушы-құқықтық формасында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба бейнесі бар мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар бұрыштамасы, белгіленген үлгідегі бланктері, қазынашылық органдарында "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының бюджеттік және қаржылық заңдылығына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселесі бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылған, Бөлім басшысының бұйрықтарымен рәсімделген шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. Бөлімнің мекенжайы: индексі 150900, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Абылай хан көшесі, 47.

      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бюджетінен (шығындар сметасы) жүзеге асырылады.

      12. Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау затына кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге қаржы және мемлекеттік басқару салаларында заңдылық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының қаржы облысындағы заңнамасында басқалары белгіленбеген жағдайда мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Бөлімнің мақсаттары және өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру:

      1) мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар;

      2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;

      3) кинематография;

      4) мемлекеттік рәміздер;

      5) архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету;

      6) электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, оның ішінде таратылуы шектелген қызметтік ақпарат және онымен жұмыс істеу;

      7) ономастика;

      8) креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру;

      9) ақпарат;

      10) ақпаратқа қол жеткізу;

      11) балаларды олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау;

      12) телерадио хабарларын тарату;

      13) бұқаралық ақпарат құралдары;

      14) онлайн-платформалар және онлайн-жарнама;

      15) діни қызмет;

      16) мемлекеттік жастар және отбасы саясаты;

      17) қоғамдық сананы жаңғырту;

      18) қайырымдылық;

      19) волонтерлік қызмет;

      20) медиация;

      21) ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету;

      22) мемлекеттің, азаматтық қоғамның және қоғамдық кеңестердің өзара іс-қимылы;

      23) өз құзыреті шегінде Бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      Бюджет кодексімен, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен қарастырылған бөлімнің құзыретіне жатқызылған қызметтерді жүзеге асыру үшін ақпаратты мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және жеке тұлғалардан сұрауға және алуға;

      аудан бюджетін жоспарлау және орындау, сондай-ақ экономикалық тиімділікке және бекітілген аудандық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) мақсатты орындалуына баға беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы талаптарының бұзылу себептеріне баға беруге;

      ауданның коммуналдық меншігіндегі аудандық коммуналдық мүлікті, соның ішінде акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін (жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктердің үлестерін) иемденуге, пайдалануға;

      Бөлімнің құқықтарын және мүдделерін қорғау бойынша барлық деңгейдегі сот органдарына шағымдануға, аудандық коммуналдық мүлікті иемдену, пайдалану және билік ету сұрақтары, Бөлім қызметінің сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасы соттарында Бөлімнің мүддесін білдіруге;

      аудандық коммуналдық меншіктегі жекешелендіру объектілерін бағалау шығындарын қаржыландыру үшін қаражатты пайдалануға, аукциондарды, тендірлерді ұйымдастыру және өткізуге, жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүргізуге, аудандық бюджетте қарастырылған қаражат есебінен заңды және жеке тұлғаларды сараптаушы және кеңес беруші ретінде шарт негізінде тартуға;

      шарттың талаптарын бұзғаны, соның ішінде аудандық коммуналдық меншік объектілерінің меншіктік жалға беру (жалдау) төлемін төлемегені немесе уақытында төлемегені үшін; жалға берілген объектіні тағайындалуна байланысты емес пайдаланғаны үшін, оны жалға берушінің келісімсіз субжалға бергені үшін, сондай-ақ жалға алушымен жалға берушінің келісімісіз оның ішінде орналасқан инженерлік жүйелерді және коммуникацияларды қайта жаңғарту, қайта жоспарлау немесе объектіні қайта жабдықтауды жүргізу; аудандық коммуналдық меншік объектілерін өтеусіз пайдалануға (ссуданы), сатып алу-сату, сенімгерлік басқару шарттарының талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін төлемақы және айыппұл есептеуге;

      2) Міндеттері:

      материалдарды және ақпараттарды заңды және жеке тұлғалардан бұл туралы ресми сұрау салу түскен жағдайда өз құзыреті шегінде ұсыну;

      нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

      ауданның қаржылық қызметі, коммуналдық меншігі мәселелері бойынша барлық сот, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда аудан әкімінің, әкімдігінің мүддесін білдіру;

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес міндеттерді жүзеге асыру;

      15. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту саласындағы әкімдік қаулыларын, облыс пен аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;

      2) өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдерінің, аудандық бағдарламалар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының жобаларын әзірлейді;

      3) өз құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша ақпараттық-сараптамалық материалдар мен құжаттарды әзірлейді;

      4) аудан әкімдігінің және басқа да консультативтік-кеңестік органдардың отырыстарына қатысады;

      5) аудандық қоғамдық-саяси және мәдени іс-шараларды саяси қамтамасыз етуді жүргізеді;

      6) этносаралық қатынастар, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету және сақтау саласындағы республикалық, аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысады;

      7) мәліметтердің ақпараттық жиынтығын қалыптастыру, жинақтап қорыту және топтастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      8) саяси партиялармен, ұлттық мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асырады;

      9) аудандағы ішкі саяси тұрақтылық пен саяси процестерді демократияландыруға бағытталған республикалық және аймақтық ғылыми-практикалық іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;

      10) ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;

      11) діни-ағартушылық қызмет арқылы қандай да бір діни ілімді уағыздау мен таратуды жүзеге асыратын шетелдік азаматтардың және заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтардың қызметіне мониторинг жүргізеді;

      12) аудандық деңгейде ақпараттық-насихат іс-шараларын жүзеге асырады;

      13) мемлекеттік рәміздер бойынша аудандық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

      14) аудандық діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастырады;

      15) үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара әрекет жасау жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастырады;

      16) аудандық қоғамдық келісім Кеңесінің жұмысын ұйымдастырады;

      17) аудандық жастар істері жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастырады;

      18) әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

      19) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты жүргізеді;

      20) ауданның мәдени-демалыс ұйымдарының қызметін жүзеге асырады және үйлестіреді;

      21) аудан аумағында мәдениет саласындағы қызметті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      22) театр, музыка өнерін, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөніндегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру;

      23) меншік нысанына қарамастан шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

      24) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс енгізеді;

      25) халыққа қызмет көрсетудің түрлі салалары мен әлеуметтік салаға мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі шараларды іске асырады, халық арасында мемлекеттік тілді насихаттайды;

      26) мемлекеттік тіл саясатының тиімділігін арттыру және мемлекеттік тілдің және Қазақстан халқының басқа да тілдерінің қоғамдық қолданылу аясын кеңейту жөніндегі кешенді шаралар жөнінде ұсыныстар әзірлеу және іске асырады;

      27) театр, музыка, хореография, бейнелеу және өнердің басқа да түрлерін, халық шығармашылығын және көркемөнерпаздықты дамытады;

      28) халықтың адамгершілік тәрбиесі мен мәдени-танымдық демалысына ықпал ететін кино, бейне өнімдерін кеңінен пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      29) мәдениет ұйымдары мен мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және жағдайын қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

      30) тіл саясатын дамытудың тұжырымдамасын іске асыруда мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға мемлекеттік тілде іс жүргізу, халықтың әртүрлі жастағы топтарына мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру бөлігінде практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;

      31) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

      32) аудармашыларға, мемлекеттік тілде іс жүргізу жөніндегі бас мамандарға, қазақ тілі үйірмелерінің оқытушыларына практикалық көмек көрсетеді;

      33) мәдениет мекемелерінің желісін сақтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асырады;

      34) ауданда халыққа кітапханалық қызмет көрсетуді жақсартуды қамтамасыз етеді;

      35) белгіленген тәртіпте концерттік қызметті ұйымдастыру, ауданның жеке орындаушылары, көркем ұжымдардың гастрольдерін өткізуге жәрдемдеседі;

      36) аудан аумағында әлем халықтарының тілдерін дамытады;

      37) аудан аумағында халықтық дәстүрлер мен салттарды сақтап, насихаттап, сондай-ақ жаңа көркемөнерпаздар ұжымдарын құрады;

      38) белгіленген тәртіппен мәдениет саласында конкурстар, байқаулар, көрмелер және басқа да іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

      39) ашық деректер интернет-порталында ақпаратты орналастырады;

      40) ашық бюджеттер интернет-порталында ақпаратты орналастырады;

      41) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастырады;

      42) медиация саласында жүйелі жұмысты қамтамасыз ету.

3. Бөлімнің бірінші басшысының дәрежесі, өкілеттілігі

      16. Бөлімді басқаруды Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттілігін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Бөлімнің басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Мамлют ауданы әкімінің өкімімен жұмысқа қабылданады және жұмыстан босатылады.

      18. Бөлім басшысында орынбасары жоқ.

      19. Бөлім басшысының өкілеттілігі:

      1) Бөлімнің Ережесін, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      2) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық жасайды, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      3) Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

      4) Бөлім қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      5) еңбек заңнамасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Бөлім қызметкерлерін сыйақыландыру, заттық көмек көрсету және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;

      6) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар, бөлімнің қызметшілеріне орындауға міндетті нұсқаулар шығарады;

      7) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;

      8) ерлер мен әйелдердің әр түрлі құқықтары және мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдемесі туралы заңнаманы сақтауды қамтамасыз етеді;

      9) Бөлім қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық заңнамасын сақтауға дербес жауапкершілікті алып жүреді;

      10) Бюджет кодексіне, еңбек, мемлекеттік қызмет, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      20. Бөлім басшысының болмаған кезеңінде оның өкiлеттiктерiн орындауды еңбек, мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Бөлімнің мүлігі

      21. Мемлекеттік мүлік туралы заңнамада көзделген жағдайларда Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшаланған мүлкі болуы мүмкін.

      22. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және мемлекеттік мүлік туралы заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Бөлімге бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.

      24. Егер мемлекеттік мүлік туралы заңнамада өзгеше көзделмесе бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру (бірлестіру, қосу, бөлу, қайта құру) және тарату (жабу) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      ______________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады