"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 71 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Степаненко

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы наурыздағы №
  қаулысымен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) дене шынықтыру және спорт, туристік қызмет салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушы-құқықтық формасында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба бейнесі бар мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар бұрыштамасы, белгіленген үлгідегі бланктері, қазынашылық органдарында "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық -құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының бюджеттік және қаржылық заңдылығына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселесі бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылған, Бөлім басшысының бұйрықтарымен рәсімделген шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. Бөлімнің мекенжайы: индексі 150900, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Абылай хан көшесі, 47.

      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бюджетінен (шығындар сметасы) жүзеге асырылады.

      12. Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау затына кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге қаржы және мемлекеттік басқару салаларында заңдылық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының қаржы облысындағы заңнамасында басқалары белгіленбеген жағдайда мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Бөлімнің мақсаттары және өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      мына салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру:

      1) дене шынықтыру және спорт;

      2) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      Бюджет кодексімен, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен қарастырылған бөлімнің құзыретіне жатқызылған қызметтерді жүзеге асыру үшін ақпаратты мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және жеке тұлғалардан сұрауға және алуға;

      аудан бюджетін жоспарлау және орындау, сондай-ақ экономикалық тиімділікке және бекітілген аудандық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) мақсатты орындалуына баға беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы талаптарының бұзылу себептеріне баға беруге;

      ауданның коммуналдық меншігіндегі аудандық коммуналдық мүлікті, соның ішінде акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін (жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктердің үлестерін) иемденуге, пайдалануға;

      Бөлімнің құқықтарын және мүдделерін қорғау бойынша барлық деңгейдегі сот органдарына шағымдануға, аудандық коммуналдық мүлікті иемдену, пайдалану және билік ету сұрақтары, Бөлім қызметінің сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасы соттарында Бөлімнің мүддесін білдіруге;

      аудандық коммуналдық меншіктегі жекешелендіру объектілерін бағалау шығындарын қаржыландыру үшін қаражатты пайдалануға, аукциондарды, тендірлерді ұйымдастыру және өткізуге, жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүргізуге, аудандық бюджетте қарастырылған қаражат есебінен заңды және жеке тұлғаларды сараптаушы және кеңес беруші ретінде шарт негізінде тартуға;

      шарттың талаптарын бұзғаны, соның ішінде аудандық коммуналдық меншік объектілерінің меншіктік жалға беру (жалдау) төлемін төлемегені немесе уақытында төлемегені үшін; жалға берілген объектіні тағайындалуна байланысты емес пайдаланғаны үшін, оны жалға берушінің келісімсіз субжалға бергені үшін, сондай-ақ жалға алушымен жалға берушінің келісімісіз оның ішінде орналасқан инженерлік жүйелерді және коммуникацияларды қайта жаңғарту, қайта жоспарлау немесе объектіні қайта жабдықтауды жүргізу; аудандық коммуналдық меншік объектілерін өтеусіз пайдалануға (ссуданы), сатып алу-сату, сенімгерлік басқару шарттарының талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін төлемақы және айыппұл есептеуге;

      2) Міндеттері:

      материалдарды және ақпараттарды заңды және жеке тұлғалардан бұл туралы ресми сұрау салу түскен жағдайда өз құзыреті шегінде ұсыну;

      нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

      ауданның қаржылық қызметі, коммуналдық меншігі мәселелері бойынша барлық сот, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда аудан әкімінің, әкімдігінің мүддесін білдіру;

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес міндеттерді жүзеге асыру;

      15. Функциялары:

      1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;

      2) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      3) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;

      4) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;

      5) Мамлют ауданында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

      6) Мамлют ауданында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

      7) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;

      8) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;

      9) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;

      10) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;

      11) Мамлют ауданында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

      12) Мамлют ауданында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсынады;

      13) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

      14) осы Заңға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

      15) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      16) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      17) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      18) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      19) халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз етеді;

      20) дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргізеді, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабілеттілік пен белсенді ұзақ өмір сүрудің жоғары деңгейіне, сондай-ақ ізгілік мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткізу үшін дене шынықтыру компоненттерін практикалық пайдалануда халықтың білім деңгейін арттырады;

      21) мүгедектігі бар адамдар арасында спортты дамытуды, арнаулы спорттық мүкәммал беруді қамтамасыз етеді және мүгедектігі бар адамдардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшін дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарына қолжетімді болуына жағдай жасайды;

      22) дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесе отырып, спорт клубтарының, мектептерінің, секцияларының ашылуын, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды республикалық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын қамтамасыз етеді;

      23) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

      24) аудандық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бекітеді;

      25) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеттерін құрады, олар осы іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатыстырылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді;

      26) жеке тұлғалар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күрделендіретін спорт құрылыстарын, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын, оның ішінде мiнберлердің тіреуіш конструкцияларының ескіруі, мінбер астындағы үй-жайларда жанатын қауіпті заттар мен материалдардың орналастырылуы, авариялық жарық берудің және эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе олардың ақаулы болуы бөлігінде бұзушылықтар, сондай-ақ өрттің туындауына әкеп соғуы мүмкін электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздік жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ішкі істер органдары не халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган енгізетін ұсыну бойынша қауіпсіздік жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейін осындай іс-шараларды өткізуге тыйым салады;

      27) аса көрнекті спортшыларға – "КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атақтары бар, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кірген немесе кіретін олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне, әлем чемпиондарына, олардың "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" немесе "КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атақтары бар жаттықтырушыларына ай сайын ақшалай үлес төлейді;

      28) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайын ақшалай үлес төлейді;

      29) дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      30) аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      31) ашық деректер интернет-порталында ақпаратты орналастырады;

      32) ашық бюджеттер интернет-порталында ақпаратты орналастырады;

      33) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастырады.

3. Бөлімнің бірінші басшысының дәрежесі, өкілеттілігі

      16. Бөлімді басқаруды Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттілігін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Бөлімнің басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Мамлют ауданы әкімінің өкімімен жұмысқа қабылданады және жұмыстан босатылады.

      18. Бөлім басшысында орынбасары жоқ.

      19. Бөлім басшысының өкілеттілігі:

      1) Бөлімнің Ережесін, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      2) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық жасайды, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      3) Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

      4) Бөлім қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      5) еңбек заңнамасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Бөлім қызметкерлерін сыйақыландыру, заттық көмек көрсету және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;

      6) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар, бөлімнің қызметшілеріне орындауға міндетті нұсқаулар шығарады;

      7) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;

      8) ерлер мен әйелдердің әр түрлі құқықтары және мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдемесі туралы заңнаманы сақтауды қамтамасыз етеді;

      9) Бөлім қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық заңнамасын сақтауға дербес жауапкершілікті алып жүреді;

      10) Бюджет кодексіне, еңбек, мемлекеттік қызмет, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      20. Бөлім басшысының болмаған кезеңінде оның өкiлеттiктерiн орындауды еңбек, мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Бөлімнің мүлігі

      21. Мемлекеттік мүлік туралы заңнамада көзделген жағдайларда Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшаланған мүлкі болуы мүмкін.

      22. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және мемлекеттік мүлік туралы заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Бөлімге бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.

      24. Егер мемлекеттік мүлік туралы заңнамада өзгеше көзделмесе бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру (бірлестіру, қосу, бөлу, қайта құру) және тарату (жабу) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      ______________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады