Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 07.10.2024 № 32/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. 2024 жылы Мамлют ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы 12-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көрсетілсін:
1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомадағы бюджеттік кредит.
2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын, ветеринариялық пункттерінің ветеринария мамандарына да қолданылады.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының төрағасы | Ж. Кәрімова |