Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес және "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № KZ28VBG01465884 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне су айдау құрылымдарын салу мен пайдалану үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Леденев ауылында аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,1003 гектар, оның ішінде басқалар 0,1003 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут 49 жыл мерзімге белгіленсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) жұмыс аяқталғаннан кейін жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтірсін.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Леденев ауылдық округінің әкімі | А. Исманов |