Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағының 10) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 15 жыл мерзімге КТТМ-324 Октябрьский-Ишимский-Ақсуат автомобиль жолына қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 13,6505 га жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Жаров |