Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 қарашадағы № 235 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағының 10) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 15 жыл мерзімге КТТМ-317 Дружба ауылына кірер жол автомобиль жолына қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 6,5231 га жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Жаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады