Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17 бабының 5-1-тармақшасына, 69 бабының 4 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзіе-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңының 31 бабы 1 тармағының 20 тармақшасына сәйкес, Мичурин ауылдық округі әкімінің м.а. ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мичурино ауылының, Мичурин ауылдық округінің, Тимирязев ауданының, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан жер учаскесіне 49 жыл мерзімге су тарату желісін салу үшін жалпы ауданы 31,5 га ашық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімінің м.а. | Г. Шабжантаева |