Уәлиханов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 4-12 с "2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 2-16 с шешімі

      Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Уәлиханов аудандық мәслихатының "2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бюджетін бекіту туралы" 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 4-12 с шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. 2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

      1)кірістер – 5 227 395,7 мың теңге:

      салықтық түсімдер – 778 226,7 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 27 822 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 987 мың теңге;

      трансферттер түсімі – 4 411 360 мың теңге;

      2) шығындар –5 290 275,6 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 46 504 мың теңге:

      бюджеттік кредиттер – 79 378 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 32 874 мың теңге;

      4) қаржы активтері мен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

      қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

      мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 0 теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – -109 383,9 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 109 383,9 мың теңге:

      қарыздар түсімі – 79 378 мың теңге;

      қарыздарды өтеу – 32 874 мың теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 62 879,9 мың теңге.";

      14-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "14. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер ескерілсін, оның ішінде:

      1) санаторлық-курорттық емделуге;

      2) протездік-ортопедиялық құралдарға;

      3) сурдотехникалық құралдарға;

      4) тифлотехникалық құралдарға;

      5) арнайы қозғалыс құралдарына (кресло-арбалар);

      6) KTUL-336 "Өндіріс-Жұмысшы-Мырзағұл" аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуге;

      7) КТUL-100 "Көктерек-Тоспа-Жасқайрат-Қайрат" аудандық маңызы бар автомобиль жолының орташа жөндеуге;

      8) аудандық маңызы бар жолдарын күтіп ұстауға;

      9) "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға;

      10) орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ғимаратын күрделі жөндеуге;

      11) ауылдық елді мекендерді дамыту және салу схемаларын кезең-кезеңімен әзірлеу және түзету үшін;

      12) металлдан жасалған, жылытылатын контейнерді сатып алу үшін;

      13) металлдан жасалған, жылытылатын, доңғалақтардағы контейнерді сатып алу үшін;

      14) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай біржолғы ақшалай төлем төлеу үшін.

      Көрсетілген облыстық бюджеттен нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бюджетін бекіту туралы" Уәлиханов аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы" қаулысымен айқындалады.";

      келесі мазмұндағы 15-1-тармағымен толықтырылсын:

      "15-1. 6-қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бос қалдықтар есебінен 2024 жылға арналған аудандық бюджет шығыстары қарастырылсын.";

      көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;

      осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімі 6-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы С. Сәниев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады