Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 37-бабының 4-тармағына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған "Атырау облысының 2024-2028 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері" бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | М. Хайруллиев |
Атырау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 123-VIII шешіміне қосымша |
Атырау облысының 2024-2028 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері
Нысаналы көрсеткіштер | Кезеңдер | |||
Нормативтер | Бастапқы деректер 2023 жыл | 3 жылда (2025 жыл) | 5 жылда (2028 жыл) | |
1 Атмосфералық ауа | ||||
Атырау облысы бойынша жалпы шығарындылар (нақты) | мың т | 132 | 129 | 126 |
Атырау қаласы бойынша күкіртсутегінің (H2S) орташа мөлшері | 0,008 мг/м3 | 0,006 | 0,001 | ≤0,008 |
Күкіртсутегінің (H2S) мөлшері Атырау қаласынын Оңтүстік-батыс жағындағы нүктесінде (нүкте AS-53) | 0,008 мг/м3 | 0,024 | 0,008 | ≤0,008 |
Көміртегі тотығы (СО) мөлшері – Қошқарбаев көшесі 1. Теміржол вокзалы (нүкте AS-12) | 3 мг/м3 | 10,85 | 5 | ≤3 |
Көміртегі тотығы (СО) мөлшері - Атырау-Доссор трассасы 77б. Жұлдыз ш/а., (нүкте AS-10) | 3 мг/м3 | 10,82 | 5 | ≤3 |
Көміртегі тотығы (СО) мөлшері – Мұхтар Әуезов даңғылы 58. (нүкте AS-15) | 3 мг/м3 | 10,61 | 5 | ≤3 |
Көміртегі тотығы (СО) мөлшері – Сұлтан Бейбарс даңғылы 490. Самал-2 ш/а., (нүкте AS-49) | 3 мг/м3 | 10,05 | 5 | ≤3 |
Азот диоксиді (NO2) мөлшері - жылы каналға өту, АНПЗ батыс жағы (нүкте AS-52) | 0,04 мг/м3 | 0,384 | 0,150 | ≤0,04 |
Азот диоксиді (NO2) мөлшері - AS-1, AS-8, АS-13 нүктелерінде. | 0,04 мг/м3 | 0,041 | 0,03 | ≤0,04 |
Азот оксиді (NO) мөлшері – Дулат Бабатайұлы көшесі 32. Қайнар ш/а., (нүкте AS-22) | 0.06 мг/м3 | 0,068 | 0,05 | ≤0,06 |
Көмірсутек CxHy мөлшері - Қаныш Сәтпаев даңғылы 13. (нүкте AS-35) | 50 мг/м3 | 100,89 | 70 | ≤50 |
Көмірсутек (CxHy) мөлшері –Зейнолла Қабдолов даңғылы 24. (нүкте AS-51) | 50 мг/м3 | 98,62 | 70 | ≤50 |
Күкіртсутек (H2S) мөлшерінің максималды артуы (стационарлық газ анализаторлары) | 0,008 мг/м3 | 0,466 | 0,200 | ≤008 |
Атырау қаласының автокөлік шығарындылары (есеп) | тонна жылына | 5506,2 | 4500 | 3000 |
2 Жерүсті сулары | ||||
Емба өзені | 4 класс | 3 класс | 3 класс | |
Жайық өзені | 4 класс | 3 класс | 3 класс | |
3 Ауыз су | ||||
Хлоридтер - Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы кенті | 350 мг/л | 503,4 | 400 | ≤350 |
4 Коммуналдық қалдықтар | ||||
Экологиялық талаптарға және санитариялық қағидаларға сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан) | 100 % | 15 | 40 | 70 |
Қатты тұрмыстық қалдықтарды олардың түзілуіне қарай сұрыптау | 100% | 27,5 | 40 | 80 |
Қайта өңделген және кәдеге жаратылған қалдықтардың олардың түзілуіне үлесі | 100% | 24,5 | 40 | 60 |
5 Шөлейттену (құмұстау бойынша орман екпелерін құру) | ||||
Исатай ауылы | га | 9 | 13 | 18 |
Майкөмген ауылы | га | 6 | 9 | 12 |
Тайсойған ауылы | га | 3,2 | 4,5 | 6 |
Кобяково-Забуруны каналы (канал бойында) | га | 7,9 | 12 | 16 |
Құлсары қаласының айналасында жасыл аймақ пен орман-саябақты қорғау белдеуін құру | га | 1500 | 2000 | 2500 |
6 Физикалық факторлар | ||||
Бұрынғы Азғыр полигонының аумағындағы алаңдардың айналасына қоршау орнату | 100% | 70 | 85 | 100 |
Электромагниттік сәулелену "ЭМС"-Атырау қаласы. Гагарин көшесі 103в. | 25 МкВт/см² | 50,26 | 35 | ≤25 |