"Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 1761 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 5-1-тармақшасына және 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Атырау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (070140003585) трансформаторлық станция орнату үшін жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарусыз Атырау қаласы, Мұса Баймұханов көшесі, № 22 мектеп аумағы мекенжайында орналасқан көлемі 0,0064 гектар жер учаскесіне 15 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Нсанбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ш. Кейкин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады