"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарын, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18, 133 баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №1202 "Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Шоқпартоғай мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі-Кәсіпорын) құрылсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Кәсіпорынның жарғысы бекітілсін.
3. Осы қаулыдан туындайтын шараларды жүзеге асыру "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне (Е.Елеусинов) тапсырылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Қаражанов |
Жылыой ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 қаңтардағы № 11 қаулысымен бекітілген |
|
Жылыой ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 қаңтардағы № 11 қаулысына қосымша |
"ҚР Атырау облысы Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің "Шоқпартоғай мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ЖАРҒЫСЫ
1. Жалпы ережелер
1. "ҚР Атырау облысы Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімі аппараты ММ-нің "Шоқпартоғай мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
2. Кәсіпорын 2024 жылғы 15 қаңтардағы № 11 "Қазақстан Республикасы Атырау облысы "Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Шоқпартоғай" мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынын құру туралы қаулысына сәйкес құрылды.
3. Кәсіпорынның құрылтайшысы (бұдан әрі – Құрылтайшы) Жылыой ауданы әкімдігі болып табылады.
4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын "Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – Басқару органы) "Қара Арна ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
6. Кәсіпорынның атауы: "ҚР Атырау облысы Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Шоқпартоғай мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
7. Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылы, Ж.Таскарин көшесі 478 үй, пошта индексі 060111.
2. Мемлекеттік кәсіпорынның заңдық мәртебесі
8. Кәсіпорын заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
9. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаларды құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
10. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.
11. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.
3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары
12. Кәсіпорын қызметінің мәні мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
13. Кәсіпорын қызметінің мақсаты мәдениет саласындағы қызметті ұйымдастыру болып табылады.
14. Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) халыққа мәдени-демалыс іс-шараларының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер ұсыну мен байланысты мәдени өмір саласын тарту;
2) халық шығармашылығын, этно-мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, насихаттауға, олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу;
3) Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән-би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыру;
4) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;
5) мәдени-демалыс қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеу, қорыту, таныту, оны енгізу және тарату;
6) облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, конкурстарға, фестивальдерге қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау;
7) этномәдени бірлестіктерді қолдау;
8) мәдени-демалыс қызметі саласындағы инновациялық жобаларды, ұлттық мәдениеттерді сақтауға және дамытуға бағытталған әртүрлі мәдени акцияларды, бастамаларды қолдау.
9) мәдениет саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру, үйірмелердің жұмысын нығайту.
15. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.
16. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4. Кәсіпорынды басқару
17. Құрылтайшы:
1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;
3) Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;
4) Кәсіпорынның даму жоспарын және оны орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;
5) Кәсіпорынның даму жоспарының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
6) Коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;
7) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
8) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
9) Кәсіпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;
10) Кәсіпорын мүлкінің есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
11) жыл сайын Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін белгілейді;
12) Осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18. Кәсіпорынның басшысы оның органы болып табылады.
19. Басқару органы Кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.
20. Кәсіпорынның басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және егер "Мемлекеттік мүлік туралы" ҚР Заңында (бұдан әрі-Заң) және осы жарғымен өзгеше көзделмесе Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Заңмен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
21. Басшы:
1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;
3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) банктік шоттар ашады;
6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
8) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады.
9) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін Басқару органына кандидатуралар ұсынады;
10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;
11) Мыналарға:
11-1) қаржы - шаруашылық қызметі және Кәсіпорынның мүлкінің сақталуы үшін дербес жауаптылықта болады;
11-2) таза кірістің белгіленген бөлігі уақтылы бюджетке аударылмағаны үшін;
Кәсіпорының даму жоспарын іске асырудың нәтижелілігі және тиімділігі үшін;
11-3) жеке жауаптылықта болады.
12) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
5. Кәсіпорынның мүлкі
22. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.
23. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
24. Кәсіпорынның мүлкі:
1) оған меншік иесі берген мүліктен;
2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.
25. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
26. Жедел басқару құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
27. Жедел басқарудағы мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.
28. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке жедел басқару құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.
29. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
30. Кәсіпорынның мүлкіне жедел басқару құқығы, меншік құқығын тоқтату үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген негіздері бойынша және тәртіпте сондай-ақ "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 144, 154, 162 - баптарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
31. Кәсіпорын осы Жарғының 29 - тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімімен ғана беруге және есептен шығаруға, негізгі құралдарға жататын, өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқылы.
31-1. Кәсіпорын дебиторлық берешекті тиісті саланың уәкілетті органның жазбаша келісімімен қарыздар беруге құқылы.
32. Кәсіпорын оған жедел басқару құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.
6. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру
33. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
34. Кәсіпорын таза табыстың бір бөлігін тиісті бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
35. Кәсіпорын өзі өндірген өнімді дербес өткізеді.
36. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның жарғысында көзделмеген, қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.
7. Кәсіпорынның жарғылық капиталы
37. Кәсіпорынның жарғылық капиталы жедел басқару құқығындағы меншік иесінінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптасады.
8. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі
38. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің Басқару органының келісімі бойынша қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына (жедел басқару құқығындағы) сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
39. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.
9. Кәсіпорынның жауапкершілігі
40. Кәсіпорын өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң билігіндегі ақшамен жауап бередi. Осы заңды тұлғаның тарату жағдайларын қоспағанда, қазыналық кәсiпорының қалған мүліктін алып қоюға жол берілмейді.
41. Кәсіпорын мемлекеттің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Қазыналық кәсiпорынның ақшасы жеткiлiксiз болған кезде, оның мiндеттемелерi бойынша әкiмшiлiк-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
10. Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
42. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын Басқару органы белгілейді.
43. Кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбекке ақы төлеу жүйесін "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен белгілейді.
11. Еңбек ұжымымен өзара қатынас
44. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
45. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
12. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату
46. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.
47. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды Басқару органы жүзеге асырады.
48. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
49. Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.
13. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
50. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды Басқаруы органы енгізеді.
Басшы _____________________________________________________________
Т.А.Ә. қолы