"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 5-1 бабына сәйкес, Қызылқоға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанынан "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, осы қаулының қосымшасына сай жарғысы бекітілсін.
2. "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанынан "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдансын;
2) осы қаулыны Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзгеде де қажетті шараларды қолдансын.
3. Осы қаулы 2024 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Аудан әкімі | Қ.Әзмұханов |
Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2024 жылғы "23" қыркүйектегі № 199 қаулысына қосымша |
"Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанынан "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанынан "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) мемлекеттік отбасы саясатының шараларын іске асыратын, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдауды, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық мекеме нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
3. Орталықтың құрылтайшысы Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
4. Орталық 2024 жылдың "23" қыркүйек №199 Қызылқоға ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылды.
5. "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкіне қатысты құқықтық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
6. Мекеменің толық атауы: "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанынан "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Центр поддержки семьи" при государственном учреждении "Кызылкогинский районный отдел занятости и социальных программ".
7. Орталықтың тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, М.Мамедова көшесі №1 индексі 060500.
Құрылтайшының заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, М.Мамедова көшесі №1 индексі 060500
2-тарау. Орталықтың заңдық мәртебесі.
8. Орталық мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
9. Орталықтың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің қазынашылығында шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
10. Орталық Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
11. Орталық өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі қаражатпен жауап бередi. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
12. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
13. Орталықты қаржыландыру жергілікті бюджеттердің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
3-тарау. Орталықтың қызметінің мәні мен мақсаттары
14. Орталықтың қызметінің мәні мемлекеттік отбасы саясатының шараларын іске асыру, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдау болып табылады.
15. Орталық қызметінің мақсаты өтініш білдірген адамдарды (отбасыларды), оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдау арқылы отбасы институтын нығайту, отбасының әл-ауқатын арттыру болып табылады.
16. Орталық мыналарды жүзеге асырады:
1) Орталық отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;
2) Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
3) Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
4) Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету;
5) Мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
6) Жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
7) Мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;
8) Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
9) Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру.
17. Орталық осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
18. Орталық қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле жергілікті атқарушы органының, прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
19. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарындағы жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Әлеуметтік Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және Қазақстан Республикасының Премьер – Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығымен халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі- Стандарт) негізінде іске асырылады.
4-тарау Орталықты басқару
20. Құрылтайшы заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2) Мекеменің Жарғысын, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
3) коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
4) осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Мекемені жалпы басқаруды уәкілетті орган жүзеге асырады. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;
2) Мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) Мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
4) Мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
5) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
6) Мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
7) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
8) коммуналдық мүлік жөніндегі уәкілетті органға, Мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
9) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
22. Мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
23. Мекеменің басшысы мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және Мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
24. Мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Мекеме мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
25. Мекеме басшысының мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
26. Мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) уәкілетті орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Мекеме қызметкерлеріне көтермелеу және тәртіптік жазалар қолданады;
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және Мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және құрылтайшымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5-тарау Орталық мүлкінің құрылу тәртібі.
27. Орталықтың мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардан құралады:
1) Құрылтайшының өзіне берген мүлкі;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздер есебінен құрылады.
28. Орталық дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
29. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
30. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мекеменің қызметі уәкілетті органның бюджетінен қаржыландырады.
31. Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
32. Орталық қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
6-тарау Орталықтың жұмыс тәртібі
33. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
1) Орталықтың жұмыс тәртіптемесі: күн сайын сағат 9:00 ден 18:30 сағатқа дейін; үзіліс сағат 13:00 ден 14:30 сағатқа дейін; демалыс күндері сенбі және жексенбі.
Медициналық қызметкерлер мен күзетшілер үшін арнайы әкімшілік бекіткен кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
34. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүзеге асырылады, жәңе "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында тіркеледі.
8-тарау. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары.
35. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
36. Мемлекеттік занды тұлға, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
37. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
38. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік занды тұлғаның мүлкін Құрылтайшы қайта бөледі.
39. Таратылған мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы орталықтың кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
9-тарау. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
40. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері жоқ.