"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 - баптарына, "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына, "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 614 бұйрығына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Миялы ауылдық округі аумағында жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобиль тасымалдауына жолаушының бір реттік жол жүру ақысы 50 (елу) теңге мөлшерінде бірыңғай тариф белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылқоға ауданы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Әзмұханов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қызылқоға аудандық
мәслихатының төрағасы
___________Т. Бейсқали
"25" қараша 2024 жыл