"Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" акционерлік қоғамына жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 26 тамыздағы № 140 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасы, 69 бабына, 118 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" акционерлік қоғамына Теңіз-Новороссийск магистральды мұнай құбырының Құрманғазы ауданы аумағындағы 220 кВ электр жеткізу әуе желісін (ӘЖ-220 кВ) пайдалану және қызмет көрсету үшін көлемі 169,3839 га жер учаскесіне 10 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      Негіз: "Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" акционерлік қоғамының 2023 жылғы 16 наурыздағы №Out-L-CPCK-0891-2023 және 2024 жылғы 12 ақпандағы №Out-L-CPCK-0476-2024 өтініші.

      2. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 88 "Каспий Құбыр Консорциум-Қ" акционерлік қоғамына жер учаскесіне уақытша өтеулі қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Хасановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жангалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады