"Атырау облысы Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 319 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексінің 42 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы, 37 бабының 8 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге, Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 239 "Мемлекеттік мекемені қайта құру туралы" қаулысына, Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 316 ""Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындаған еңбек қатынастарын және мүліктерді қалыптастыратын шараларды қабылдасын, сондай-ақ мемлекеттік мекемені мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2025 жылдың 5 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы М. Хасанов

  Құрманғазы ауданы әкімдігінің
2024 жылғы "20"желтоқсандағы
№ 319 қаулысымен бекітілген
қосымша

"Атырау облысы Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлімі) Құрманғазы ауданы бойынша біріңғай мәдениет, тілдерді дамыту және салауатты өмірді насихаттап, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімінің ведомстволары бар:

      1) "С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      2) "Өнерпаз ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      3) "Жаңаталап ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      4) "Шабыт ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      5) "Нұржау ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      6) "Сафон ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      7) "Сүйіндік ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      8) "Ақкөл ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      9) "Дыңғызыл ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      10) "Шортанбай ауылдық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      11) "Балқұдық ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      12) "Асан ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      13) "Үштаған ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      14) "Қиғаш ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      15) "Байда ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      16) "Бірлік ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      17) "Еңбекші ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      18) "Кудряшов ауылдық клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      19) "Лабай ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      20) "Приморье ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      21) "Көптоғай ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық мекемесі;

      22) "Құрманғазы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі.

      3. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Смағұл Көшекбаев көшесі, 2.

      10. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Құрманғазы ауданы бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізіп, мәдениет, тілдерді дамыту салаларына және дене шынықтыру мен спортты дамытуға жетекшілік етеді.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша заңда белгіленген тәртіпке сай облыстық басқармалармен, жергілікті атқарушы органдармен, меншік түріне қарамастан ұйымдармен, мекемелермен өз құзыреті шегінде өзара байланыс жасау;

      тиісті кәсіпорындар мен ауылдық округ әкімі аппараттарынан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат сұрату;

      міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тиісті органдарға ұсыныс жасауға;

      мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан құзыретіне жатқызылған мәселелері жөніндегі қажетті ақпаратты сұратуға;

      белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

      бөлім өз құзыреті шегінде әкімшілік істерді қарауға және хаттамалар мен қаулылар қабылдауға құқылы;

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға, олардың орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылауға;

      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

      заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

      қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

      2) міндеттері:

      мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      ауданда мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыру;

      спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;

      ұлттық спорт түрлерін дамыту;

      дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

      әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады;

      Қазақстан Республикасының спорттық тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасау және бақылауды жүзеге асырады.

      15. функциялары:

      аудандағы мәдениет үйлерінің, клубтардың, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жұмысын басқарады;

      театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

      жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер, және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

      ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша ұсыныс береді;

      мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

      мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;

      облыстық, аудандық атқарушы органына ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;

      ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдени мекемелерінің, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің (ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтары) әр жыл сайын бюджеттік жобаға енгізілген қаржыны нормативтік талаптарының сай болуына бақылау жасайды;

      аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;

      спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;

      аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

      аудан аумағында аудандық дене шынықтыру – спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

      спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

      спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай аудан аумағындағы күнтiзбесін iске асырады;

      аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

      аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;

      ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның, басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімді басқаруды басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      18. Бөлім басшысының өкілеттіктері:

      бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      бөлімнің атынан шарттар жасасады және қол қояды, өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      бөлім туралы ережені дайындайды және оны бекітуге ұсынады;

      аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      бөлімнің жұмысы туралы аудан әкімінің аппаратына және облыстық басқармаға есеп береді;

      мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүдесін білдіреді;

      қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының әрбір фактісі бойынша қызметкермен бірге басшы тікелей жауапкершілікте болады.

      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      20. Бөлімнің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

      Бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Бөлімінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады