"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2024 жылғы 17 қазандағы № 184 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 52 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет және Министрлік тиісінше) туристік қызмет саласында басшылықты жүзеге асырады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мақсаттары:

      1) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      "2) туристік қызмет саласындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

      "3) құзыреті шегіндегі Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.";

      15-тармақ:

      17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 41), 54), 55) және 56) тармақшалары алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушы
С. Жарасбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады