Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 52 "Түркістан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Түркістан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
16 тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"7) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды".
2. "Түркістан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Сатыбалды |