"Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 6 қарашадағы № 230 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Сатыбалды

  Түркістан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 6 қарашадағы
№ 230 қаулысына қосымша

"Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Түркістан облысының жер қатынастары баскармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Түркістан облысының аумағында жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазакстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актiлерiне, өзге де нормативтік құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқармасы ұйымдық-құқықтық нысанындағы занды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен рәсімделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 20 ғимараты, пошталық индексi 161200.

      10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың құрылтайшысы Түркістан облысының әкімдігі болып табылады.

      12. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер, Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттiк органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Мақсаттары:

      1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу.

      15. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өзіне жүктелген міндеттері мен функциялары шегінде шешімдер қабылдау;

      заңнамада белгіленген тәртіппен өз функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды және ақпаратты сұратып алу, сондай ақ басқа мемлекеттік органдарға ақпарат беру;

      Басқарманың құзыретiне кiретiн облыс әкiмдiгiнiң және (немесе) әкiмiнiң шешiмдерiнiң, өкiмдерiнiң, қаулыларының жобасын дайындауға қатысу;

      облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына дамудың негізгі бағыттары, облыстың жер қатынастары саласындағы мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      басқарманың мүддесі үшін сотқа талап-арыз беру, сот отырыстарына қатысу;

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша болжамдар, бағдарламалар, талдамалы шолулар дайындағанда заңда белгіленген тәртіппен сарапшылар, басқа атқарушы органдардан мамандар тартуға;

      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;

      Басқармаға жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      жеке және заңды тұлғалардан Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      16. функциялары:

      1)облыс әкімдігінің мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      2)облыс әкімдігінің қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерiн беру және алып қою жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

      3)жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

      4)өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      5)жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      6)облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      7)өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (аукциондарын) жүргізуді ұйымдастыру;

      8)жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

      9)өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      10)аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;

      11)облыс әкімдігіне іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

      12)ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      13)жер-кадастрлық жоспарды бекіту;

      14)жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, комиссия туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу;

      15)облыс әкімдігінің жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) үшін, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өнеркәсіптік-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

      16)облыс әкімдігінің ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      17)облыс әкімдігінің су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша жасанды құрылыстар салу үшін аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      18)жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды әзірлеу және бекіту;

      19)жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда жердiң барлық санаттарынан жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөніндегі облыс әкімдігінің ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      20)бір ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жерді басқа ауданға, облыстық маңызы бар басқа қалаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу жөніндегі облыс әкімдігінің ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      21)жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөніндегі облыс әкімдігінің ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      22)қауымдық сервитуттар белгілеу жөніндегі облыс әкімдігінің ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      23)жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бөлігінде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметiн үйлестiруді және оған басшылық жасауды жүзеге асыру;

      24)мемлекеттік органдарға қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою мәселелері жөніндегі материалдарды келісуге ұсыну;

      25)жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу жөніндегі облыстық мәслихат және облыс әкімдігінің бірлескен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      26)облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің жергілікті жағдайлары мен ерекшеліктеріне қарай жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын бекіту жөніндегі облыстық мәслихат және облыс әкімдігінің бірлескен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      27)облыстық маңызы бар қалалардағы бағалау аймағы шекаралары және жер учаскелері үшін төлем ақыларына түзету коэффиценттерін бекіту бойынша облыстық маслихатқа облыс әкімдігінің ұсынысына енгізу;

      28)облыстық мәслихат және облыс әкімдігінің бірлескен ұсынысы негiзiнде облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерiн белгiлеу бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс әзірлеу;

      29)аудандық маңызы бар қалалар маңындағы аймақтардың шекараларын облыстық мәслихатқа бекітуге табыс ету жөнінде облыс әкімдігінің ұсыныстарын және қаулыларының жобаларын дайындау;

      30)облыстық мәслихат және облыс әкімдігінің бірлескен ұсынысы негiзiнде облыстық маңызы бар қалалар маңындағы аймақтардың шекараларын өзгерту жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс дайындау;

      31)мемлекеттiк орман қорында құрылыс жұмыстарын жүргiзу, кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау жайлы тиісті экологиялық рұқсат не мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi органмен келiсу жөнінде облыс әкімдігінің ұсыныстарын және қаулыларының жобаларын дайындау;

      32)облыстық мәслихат және облыс әкімдігінің бірлескен ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыстың шекарасын өзгерту туралы, облыс аудандарын құру және тарату, олардың әкімшілік орталықтарын белгілеу және көшіру туралы, елді мекендерді республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу туралы ұсыныс әзірлеу;

      33)облыстық мәслихат және облыс әкімдігінің бірлескен ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсу бойынша облыстық маңызы бар қалалардың шекараларын белгiлейдi және өзгертедi; облыс аудандарының, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердiң шекараларын белгiлейдi және өзгертедi, кенттердi, ауылдарды бiр ауданнан екiншi ауданға немесе қалалық билік органдарының әкiмшiлiк бағынысына беру туралы мәселелер бойынша бірлескен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      34)облыстық мәслихат және облыс әкімдігінің бірлескен шешімімен аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) өкiлдi және атқарушы органдарының пiкiрiн ескере отырып, қала емес елдi мекендердi Заңмен белгiленген басқа елдi мекендердiң категорияларына жатқызу; кенттердi, ауылдарды, ауылдық округтердi құрады, таратады және қайта құрады, сондай-ақ олардың бағыныстылығын өзгерту бойынша бірлескен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      35)облыстық мәслихат және облыс әкімдігінің бірлескен ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыныстар енгізу;

      36)облыстық мәслихат және облыс әкімдігінің бірлескен шешімімен аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың шекараларындағы қазіргі және жаңадан құрылатын әкімшілік-аумақтық бірліктер мен жекелеген елді мекендерді есепке алу және тіркеу, сондай-ақ оларды есепті деректерден шығару бойынша бірлескен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      37)ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

      38)жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      39)Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      18. Басқарманың бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      19. Басқарманың бiрiншi басшысының өкiлеттiктерi:

      1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;

      2) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен әкімдігінің, жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Басқарма қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;

      5) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарма мүддесін ұсынады;

      7) келісім-шарттар жасасады;

      8) сенімхаттар береді;

      9) банкте шоттар ашады;

      10) өз уәкілеттігі шегінде барлық Басқарма қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      11) Басқарма қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік шара қолдана алады;

      12) Басқарма басшысы қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады;

      13) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      Азаматтарды қабылдаудың бекітілген кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асыру.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкi

      20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару кұқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетімен неліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады