"Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 5/48-VIІ шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 12/170-VIII шешімі

      Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №5/48-VІI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6176 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы Түркістан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін қосымша берілетін дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер және медициналық бұйымдардың тізілімі мынадай жолдармен толықтырылсын:


Қосымша дәрі-дәрмектердің, арнайы емдік өнімдердің және медициналық бұйымдардың аталуы

Азаматтар санаты

Селуметиниб 10мг, 25мг

18 жасқа дейінгі балаларға

Иллопрост ингаляцияға арналған ерітінді, 10 мкг/мл, 20 мкг/мл

18 жасқа дейінгі балаларға

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасының
міндеттерін уақытша атқарушы
А. Салимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады