"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 26 тамыздағы № 412 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 18,43,67,69 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31,37 баптарына, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының өтінішіне сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін Арыс қаласынан /ықшам сызбаларға сәйкес/ жалпы аумағы - 730,0 шаршы метр жер учаскесі шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен қысқа мерзімге 3 /үш/ жылға жалға қауымдық сервитут болып белгіленсін.

      Оның ішінде:

      -А.Салықбаев көшесі бойынан аумағы - 680,0 шаршы метр;

      -Ергөбек көшесі бойынан аумағы - 50,0 шаршы метр.

      2. Арыс қаласының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Арыс қаласының әкімі Г.Кұрманбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады