"Арыс қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы"

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 17 қаңтардағы № 14/81-VІІІ шешiмi

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Экология, гелогия және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арыс қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Арыс қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы Қ.Ахметов

  Арыс қалалық мәслихатының
2024 жылғы 17 қаңтардағы
№14/81-VІІІ шешіміне 1 қосымша

Арыс қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылдық есептік нормалары, м³

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

1,1


Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,4

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,62

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,69

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,37

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,92

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,014

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,11

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,3

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,95

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,43

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1м²

0,03

12

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша
1 орын

0,03

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1м²

0,12

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1м²

0,34

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1м²

1,2

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1м²

0,38

17

Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1м²

0,14

18

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1м²

-

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1м²

0,23

20

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

жалпы алаңы 1м²

-

21

Дәріханалар

сауда алаңы 1м²

0,21

22

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

1,36

23

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,95

24

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

-

25

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,58

26

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы
1 м2

0,23

27

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы
1 м2

0,5

28

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары
(кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

-

29

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы
1 м2

0,18

30

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

0,3

31

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

-

  Арыс қалалық мәслихатының
2024 жылғы 17 қаңтардағы
№14/81-VІІІ шешіміне 2 қосымша

Арыс қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (Қосылған құн салығынсыз)

1

Жайлы үйлер

айына 1 тұрғыннан

205,5

2

Жайлы емес үйлер

айына 1 тұрғыннан

251,3

3

Жылдық тариф бірлігіне (көлемі)

1 м³

2395,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады